Get Mystery Box with random crypto!

АҚША - МИКРОСКОП ⠀ Ақша – микроскоп сияқты. Түпсананың түбінде | Алмат Жайлаубаев

АҚША - МИКРОСКОП

Ақша – микроскоп сияқты. Түпсананың түбінде не жатқанын көрсетеді. Адамның шынайы жүзі күн бетіне шығады. Мысалы ақша көбейсе кей адамдар ашына [любовница] тауып, екінші әйел алып, құтыра бастайды. Демек ол адамның түпсанасында әйелқұмарлық жатқан.

Кейбіреуде тәкаппарлық пайда болады. Негізі пайда болмайды, ол оның түпсанасында бар болатын, тек ақша сол нәрсені қоздырады. Ал басқа кісіде жомарттық, шүкіршілік, мейірімділік арта бастайды.

Сондықтан түпсанаңыздың түбінде не жатқанын біліп алу керек. Бұл оңай шаруа емес. Өйткені ата-ана, туысқан, достар мен айналамыздың, онымен қоса көрген мультфильм мен кинолардың миға әбден сіңіріп, тастай қатырған бұрыс нәрселерін тауып, оларды дұрыс жаққа өзгерту керек. Кәдімгідей қан мен тер.

Негізі барлық бәле ақшада дейді. Дұрыс емес. Барлық бәле ақшаны құдайдай сүйгеннен шығады. Ақшаға тек ақша ретінде қарай білу керек. Әрине ақшаның көп болғаны жақсы.
Сол себепті ақшаға деген қарым-қатынасты біліп алған жөн. Әйтпесе өз түпсанамыздан таяқ жеп жүреміз.

Адамдардың 95 пайызында ақшаға деген құштарлық бар. Сондықтан мақсаттары көп ақша табу болып кеткен. Негізгі мақсат - өз сүйген ісімен айналысу болу керек қой. Ақша болса сол мақсатқа жетудің құралы. Яғни ақша дегеніміз ат. Оны тізгіндеп, мініп алу қажет. Сөйтіп әлгі мақсатқа қарай шаба жөнелеміз.

Әрдайым проблеманың көрінбейтін жағына мән беру керек. Көрінбейтін жағы – ол біздің түпсанамыз. Тоғыз сөздің тобықтай түйіні түпсанаңызбен жұмыс жасаңыз.

https://t.me/almatzhai