Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 188

2021-07-14 16:15:26
Вакцинаға сұраныс артты

t.me/aibat_news
100 views13:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 15:52:28
Жалған вакцина паспортын жасау елімізде ғана емес басқа мемлекеттерде де өршіп тұр. Қып-қызыл саудаға айналған қылмыстың жауапкершілігі ауыр.

Мәселен Ресейде екпе паспортын қолдан жасағандар бір жылға сотталады. Сондай-ақ құжатты сатып алғандар да қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды.

Германияда да дәл осындай жаза қарастырылған. Еуроодақ аумағында еркін жүруге мүмкіндік беретін сертификат «қара нарықта» 51 мың теңгеден сатылып жатыр.

Ал Италияда жалған вакцина паспортының құны 76 мың теңгеге дейін жетеді. Қылмыскерлер телеграмм канал арқылы сатуға машықтанып алған.

Ең ауыр жаза Қазақстанда. Елімізде бірінші рет ұсталған жағдайда екі айға сотталады немесе 5 млн 800 мың теңге айыппұл төлейді. Дәл осы қылмысты екінші мәрте жасаса айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

t.me/aibat_news
102 views12:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 15:24:09
«7-20-25» бағдарламасымен салынған үй қирап жатыр

Толығырақ сюжетте

t.me/aibat_news
37 views12:24
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 14:53:38 Премьер-Министр 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды

Олар: Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, Қарағанды және Атырау облыстары. Бұл өңірлер ел бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 55%-ын құрайды.

Бұл аймақтарда «Ashyq»-қа қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады. Сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану объектілері, ашық және жабық базарлар, діни нысандар демалыс күндері жұмыс істемейді.

Вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан адамдарды қоспағанда, барлық ұйымдардың 80% қызметкері үшін қашықтан жұмыс істеу форматы енгізіледі.

t.me/aibat_news
44 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 14:13:46
Тауық пен сот

Екі көрші тауық үшін соттасып жүр. Бір тауығын басып кеткен көршісін сотқа берген тұрғын мен айыпталушының айтарын Айя Мүтәлі тыңдап қайтқан еді

t.me/aibat_news
97 views11:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 13:44:23
Сот Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартты

Тараптардың пікірін тыңдаған сот прокурордың өтінішін қанағаттандырып, Біртановқа қатысты шектеу шараларын 2021 жылғы 14 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

t.me/aibat_news
96 views10:44
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 13:01:24
Коронавирусқа қарсы Джонсон эн Джонсон вакцинасы сирек кездесетін ауруға әкелуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы хабарлады. Аталған екпені салдырған 100 шақты адамда Гийен-Барре синдромы пайда болған. Ол жүйке-жүйесі ауруларына, бұлшықеттердің әлсіздігіне, сезімталдықтың нашарлауына әкеледі. Ауру белгілері 6 аптадан кейін байқалған.

Жалпы вакциналар жөнінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы тағы бір мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, әр түрлі препаратты араластыруға болмайды. Олардың өзара әсері толық зерттелмегендіктен, екі түрлі екпе компонентін қолдану денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін дейді мамандар.

t.me/aibat_news
100 views10:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 12:23:54
Көңілдес мұғалімдер бір адамның өліміне себепкер болған

Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы мектептердің бірінде директордың орынбасары мен мұғалім келіншек көңілдестік жасап, оған намыстанған келіншектің күйеуі өз-өзіне қол салған. Енді ауыл тұрғындары балаларға білім мен тәрбие бергеннің орнына осындай арсыздыққа барған мұғалімдерге бұл мектепте орын жоқ дейді. Олар ұстаздардың жұмыстан кетуін және ауылдан көшуін талап етіп отыр. Толығырақ сюжеттен көріңіздер

t.me/aibat_news
53 viewsedited  09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 11:31:46
Міндетті вакцинация мерзімі кейінге шегерілді. Он бесінші шілдеден кейін жұмыс орындарында тексеріс жүргізілмейді. Ал екпе алмаған ұжымға әзір айыппұл салынбайды. Президенттің тапсырмасынан кейін Ведомствоаралық комиссия міндетті вакциналау мерзімін қайта қарастырып жатыр. Жаңа алгоритм он тоғызыншы шілдеде жарияланады. Осыған дейін қызметкерлері екпе алуы тиіс мекемелердің тізімі жарияланған болатын. Құжатта базарлар, сұлулық салондары, мейрамхана секілді халықпен тікелей жұмыс істейтін барлық шағын және орта кәсіп нысандары көрсетілген.

«Үстіміздегі жылдың он бесінші шілдесінен кейін ешқандай тексеру не болмаса қызмет көрсету саласының жұмысшылары не болмаса оның жетекшілеріне айыппұл салу жұмыстары жүргізілмейді»-деді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев

t.me/aibat_news
100 views08:31
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 10:31:12
Қарағандылықтар вакцинаға кезекте тұр

Ал дәрігерлер бір күнде қаншама адамға екпе салып үлгермей жатыр. Өңірдегі тілшіміз Аягөз Тұрсынбай екпе салу пунктерін аралап шыққан еді

t.me/aibat_news
96 views07:31
Ашу / Түсініктеме