Get Mystery Box with random crypto!

БҚО-да бес жасар қызды ит талап өлтірді Қайғылы оқиға 9 шілде | Новости ПК

БҚО-да бес жасар қызды ит талап өлтірді

Қайғылы оқиға 9 шілде күні Бәйтерек ауданы Трекин ауылында болған. Бүлдіршін атасының үйіне Ресейден қонаққа келген.

«Кішкентай қыз кешкі уақытта атасымен бірге шөп шабуға барғысы келген. Алайда көп ұзамай қайғылы оқиға болған. Ересектер жұмыс істеп жүргенде бала байлаулы тұрған итке қарай жүгіріп кеткен. Қабаған ит баланы сол жерде талап тастаған. Қыз баланы құтқару мүмкін болмады, иттің тісі оның мойнын жаралап, күретамырын қиып жіберген. Иттің қожайыны – мерт болған қыздың атасы», - дейді Трекин ауылының тұрғындары.

Трекин ауылының әкімі Мәлік Сейтов бұл ақпаратты растаған.

t.me/aibat_news