Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 187

2021-07-15 13:30:39 Көршісі зейнеткерді қарызға 500 теңге бермегені үшін өлтірген

Жантүршігерлік оқиға жексенбі күні Алматы маңындағы Космос ауылында болған. 53 жастағы ер адам көршісінен 500 теңге қарыз сұраған. Зейнеткер қарыз беруден бас тартқанда басынан балтамен ұрып, ішіне пышақ сұққан. Әжесіне араша түспек болған 9 жастағы ұл баланың да ішіне пышақ сұғып, ауыр жарақаттаған. Бала үйден жүгіріп шығып, оның айғайын естіген көршілер көмекке келген.

Алдын ала ақпарат бойынша күдікті бұрын өз анасын өлтіргені үшін түрмеде отырып шыққан. Тергеушілердің айтуынша ол көршілерінен балта алып, пышағын қайрап қойған. Яғни қасақана кісі өлтірген. Осыдан кейін ол өз үйіне тығылып қалған. Кейін полицияға берілген.

Іш құрылысына зақым келген бала бір күн бойы ауруханада ес-түссіз жатқан. Оның бүйрегін алып тастауға тура келген. Қазір баланың беті бері қараған.

Қазір күдікті қамауда. Тергеу жүріп жатыр.

t.me/aibat_news
21 views10:30
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 12:42:28
Науқас жағдайы тым нашарлаған кезде ғана құжатты сатып алғанын мойындаған.

«Бізде бір жағдай тіркелді. Екпе алды деген азамат жансақтау бөліміне түсті. Бірақ шын мәнінде науқас вакцина салғызбаған. Заңды бұзып, құжатты сатып алыпты. Оны өзі мойындады».

Роза Қожапова,
Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы

t.me/aibat_news
97 viewsedited  09:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 12:05:54
Таразда саябақ қоқыс алаңына айналған

Тараздық тұрғындар 130 жылдық тарихы бар «Мамыр» саябағы жабайы мекенге айналды дейді. Айтуларынша, бірнеше жылдан бері жасыл-желегі суарылмай, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілмей келеді. Қазір тынығу орнын белуардан келетін шөп пен қоқыс жайлаған

t.me/aibat_news
33 views09:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 11:32:07 26 жастағы қазақстандық бойжеткен Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуа ауруханада қайтыс болды

Оның адвокаты Лаша Шукакидзе бұл ақпаратты растады. Бесик Тордуа бір апта бұрын пенитенциарлық мекемеден ауруханаға жатқызылған.

«Дәрігерлер маған Тордуаның басында қан ұю болғанын айтты» - деді айыпталушының адвокаты.

t.me/aibat_news
96 views08:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 11:08:03
Метро құрылысшылары наразылыққа шықты

Алматының метросын салып жатқан құрылысшылар үш күннен бері жұмысын тоқтатып тастап, әкімдік ғимаратына келді. Олар еңбекақыны 100 пайызға көтеруді талап етеді. Жұмысшыларға шыққан қала әкімінің орынбасары бюджетте қаражат жоғын айтты. Әйгерім Шакаманова тараптарды тыңдады

t.me/aibat_news
37 views08:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 10:06:46 Міндетті вакцина мерзімі бекітілді

Бас санитардың жаңа қаулысында міндетті вакцинаның бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компоненті 1 қыркүйекке дейін егіліп бітуі керек екені айтылған.

t.me/aibat_news
46 views07:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 08:50:38
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін болжады

Фото: Tengrinews
104 viewsedited  05:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 08:34:40 Елімізде бір жылда 203 адам жұмыста жүріп мерт болған

Оның 54-і құрылыста жүріп қаза тапқандар. Мезгілсіз ажал құшқандардың ең көбі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында. Құрылыстан бөлек, өңдеу мен тау-кен өнеркәсібінде де адам өміріне қауіпті жағдайлар көптеп кездеседі.

t.me/aibat_news
54 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 07:11:38
Әбсаттар қажы Дербісәлі дүние салды

Ол 2000-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын басқарған.

Aibat жаңалықтар қызметінің ұжымы марқұмның отбасына көңіл айтады.

t.me/aibat_news
101 viewsedited  04:11
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 17:14:10 Әлем жаңалықтары:

Литва Беларусьтен келген мигранттарға елде заңды түрде қалуға рұқсат бермейді. Бұл туралы Литваның премьер-министрі мәлімдеді. Соңғы екі айда мемлекетке Беларусьтен мың жарымнан астам адам заңсыз барған. Бұл былтырмен салыстырғанда 20 есе көп. Осыған байланысты, Литва шекарасының 550 шақырымын тікен сыммен қоршап, бақылауды күшейтіп жатыр.

Ауғанстанда тәліптердің шабуылдары күшейген сайын, бейбіт халық үйлерін тастап қашуға мәжбүр. Соңғы мәлімет бойынша Тәжікстанмен шекаралас аумақтарға 5,5 мыңнан астам отбасы қоныс аударған. БҰҰ дерегінше жыл басынан бері 220 мыңнан астам ауған азаматы тұрғылықты жерлерінен қуылған. Биылғы бірінші тоқсанда елде 1783 азамат соғыс салдарынан опат болған. Бұл 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға жоғары.

Францияның монополияға қарсы агенттігі Google компаниясына 500 млн еуро айыппұл салды. Оған алпауыт ұйымның 2020 жылғы сот шешімдерін орындамауы себеп. Гугл бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа агенттіктерінің авторлық құқығы бар материалдарын жариялағанда сыйыақы төлеуі тиіс. Медиакомпаниялардың мәлімдеуінше, Гугл олардың контентінде жарнама арқылы табыс тауып отырған. Алайда, бұл үшін ақша төлемеген. Енді IT ұйым заң талаптарын екі айда орындамаса, тәулігіне 900 мың еуро тағы төлеуі мүмкін.

Ертеңге дейін
22 views14:14
Ашу / Түсініктеме