Get Mystery Box with random crypto!

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі ха | Новости ПК

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«7287 қазақстандық студент Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ көмегімен білім беру несиелерін алды. Ұйым несиелер бойынша кепілдік береді. Нәтижесінде талапкерлер мен студенттер негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін 10 жылға дейін ұзартып, несие ала алады. Білім несиесін алған студент оқуын аяқтағаннан кейін 6 айдан соң негізгі қарыз сомасын өтей бастайды. Несие сомасы шектелмеген, ең бастысы, ол оқу құнынан аспауы тиіс. Сондай-ақ түлек айыппұл санкциясынсыз қарызды мерзімінен бұрын төлей алады», - делінген хабарламада.

Несиені екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдеуге болады. Талапкер білім беру несиесін алу үшін серіктес қарыз алушыны ұсынуы қажет. Ол банкке жұмыс орнынан соңғы 6 айдағы кірістері мен зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды тапсыруы тиіс.

t.me/aibat_news