Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 45

2021-08-03 17:54:00 ​​Бұл дүниеде ештеңе жоқ теп-тегін,
Кейде айналып оралады өткенің.
Досқа айналып шыға келер дұшпаның,
Қысқа айналып шыға келер көктемің.

Ұстай алсаң үзілмейтін желісі,
Бақыт деген – ол да ойдың жемісі.
Пейішің де айналады дозаққа,
Тарылғанда уақытыңның өрісі.

Бақыт жайлы ой келмей тұр жамбасқа,
Бақыт жайлы түсінік те әр басқа.
Бақыт деген – билік қой деп адаспа,
Бақыт деген – байлық қой деп алжаспа.

Бақыт дейміз,
Бақыт жайлы елге сен,
Не айта аласың, бақытты боп көрмесең.
Бір-ақ тістем нан да бақыт-аштықта,
Бір-ақ жұтым су да бақыт-шөлдесең.

Бақытты боп кете алмайсың бір демде,
Бақытсыздық тұрады ылғи іргеңде.
Бақыттымын дейсің қалай өзіңді,
Жан-жағыңда бақытсыздар жүргенде.

Алтын балық ілінбейді қармаққа,
Бақыт жайлы ой жетелейді жан-жаққа.
Бақыттымын дейсің қалай өзіңді,
Бақытыңды бөлісетін жан жоқта.

Бақыт жайлы ойлай бермей уайым ғып,
Алдыменен болу керек ойың нық.
Шын бақытты болу үшін, алдымен,
Сол бақытқа жасау керек дайындық.

Біреу жөнсіз, біреу мұның жөн десін.
Біреу сеніп, біреу мүмкін сенбесін.
Бақытты боп кету қиын, алайда,
Сол бақытқа дайындықсыз келгесін.

// Ибрагим Иса - Бақыт жайлы сыр
132 views14:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 18:09:00 ​​Қиындыққа қайыспасын қабырға,
Дем беріңдер,
Қанағат пен сабырға!
Екеуіне байланысты тағдырың,
Екеуіне байланысты бағың да!

Өркеніңді енді жайған шағыңда,
Азаматтық қылғың келсе, тағыңда.
Ақылыңды алып ұрып астына,
Тентек ашу туламасын қаныңда.

Төзімді ек ғой,
Тағы сәл-пәл көнелік,
Бұлқынғанмен салады анық өрелік.
Тентегі кім, елпеңі кім дәуірдің,
Уақыттың өзі айтады төрелік.

Қалдым деме, оздым деме өзгеден,
Тек нысанаң айқын болсын, көздеген!
Асыл-асыл ойларыңның тұнбасын,
Олпы-солпы төгіп алма сөзбенен.

Қиындыққа қайыспасын қабырға,
Дем беріңдер,
Қанағат пен Сабырға!
Екеуіне
Телулі тұр тағдырың,
Екеуіне
Таңулы тұр бағың да!

// Темірше Сарыбайұлы - Дем беріңдер, Қанағат пен сабырға
@adebiett
187 views15:09
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 18:01:00 ​​Сүйгенді сүй, сүймегенге жалынба,
Сүйгенді сүй, сүймегенге бағынба.
Сүймегенді сүйдірем деп әуре боп,
Жүрегіңді малындырма жалынға.

Сүйгенді сүй, сүймегенді сағынба,
Сүйгенді сүй, сүймегенге жағынба.
Сені сендей сүйе алмаса бір адам,
Кінә қойма Тәңір жазған тағдырға.

Сүйгенді сүй, сүймегенді аңсама,
Жанарыңнан тамшы жас боп тамса да.
Ешқашан да әмір жүрмес жүрекке,
Сен сүйгенмен ол сүймесе жоқ шара.

Сүйгенді сүй, сүймегенге ұнама,
Сүйгенді сүй, сүймегенге шыдама.
Бір тиын да қадірін жоқ жан үшін,
Ешқашан да, ешқашан да жылама.

// Сағыныш Оразайқызы - Сүйгенді сүй
@adebiett
34 views15:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-31 18:31:00 ​​Ғашық болғым келмейді...
Қорқыныштан,
Көңілімдегі көгершін толқып ұшқан
Құлдырар деп, келген кезде сағаты,
Қайырылар деп көгершіннің қанаты.
Ғашық болғым келмейді!
Басталар деп әр күнім сені ойлаудан,
Өзгерер деп тағдырым сол ойлардан,
Шақырар деп тағы да шаттық мені,
Алданар деп тағы да аяулы арман.
Бір күні...
Сен күткен
Күн сөнеді де.
Ендеше, бұл сезімнің керегі не?!
Сезіміме тұтқын боп, кешкем бақыт...
Бәрі өткінші.
Бір куә - өткен уақыт.
Жыртылды жырдың толған дәптерлері,
Ғашық болғым келмейді...
Өзіңді алғаш көрген сәттен бері...

// Нәзира Бердалы
@adebiett
252 views15:31
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 18:09:00 ​​Жақсы әйелі бар жігіт жасымайды,
Жауыңа ішкі сыры ашылмайды.
Білдірмей бар-жоғыңды бағаласа,
Көңілің неге судай тасымайды.

Жақсы әйелі бар адам қажымайды,
Ренжіп, қаны қашып, налымайды.
Жағдайы жас баладай табылған соң,
Күшінен ақыл-қайрат арылмайды.

Жақсы әйел жұрт алдында жасытпайды,
Салмақты, сабырлы боп асықпайды,
Әйелі ер жігіттің жаман болса,
Достарың, ағайының қашықтайды.

// Кенен Әзірбаев – Жақсы болса жан жарың
@adebiett
83 views15:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 18:20:00 ​​Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Өтер кім бар ойнадым-күлдім демей?
Кейде мылқау секілді тіл қатпайсың,
Кейде әнші боп кетесің бұлбұл көмей.

Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Күмілжімей кім жүрер, кірбіңдемей?
Күліп тұрса «байлығым» миығынан,
«Кедейлігім» тұнжырап тұрды үндемей.

Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Біреуіне біреуін білдірмегей.
Кедейлік пен байлығың бірдей болса,
Көкірегің тұра ма күмбірлемей?

Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Жатыр дейсің кім солмай, кім гүлдемей.
Қысқа ғұмыр қамшының сабы болса,
Нәзік жүрек үзілер бүлдіргедей.

Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Жамандыққа жаныңды ілдірмегей.
Айналады түбінде жоғың барға,
Жоқ екен деп барыңды бүлдірмегей.

Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Айтарыңды ашық айт, міңгірлемей.
Қара шаңның астында қалсаң-дағы,
Жаны таза, жарқыным, жүр кірлемей!..

// Несіпбек Айтұлы - Көңіл, шіркін...
@adebiett
158 views15:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 11:07:10 Жазушы Аягүл Мантайдың "Соқыр сана" атты әңгімесі
84 views08:07
Ашу / Түсініктеме
2021-07-28 18:15:00 ​​"Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?"
Бір дауыс жүрегіме үн қатыпты.
Бір дәруіш бақыт деген осы ғой деп,
Жүрегінің дүрсілін тыңдатыпты.

"Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?"
Бір дауыс жүрегіме үн қатыпты.
Теңіз-көл, өзен-дария, мұхит, бұлақ
Толқынды иірімдерін жырлатыпты.

"Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?"
Тау-шыңы жаңғырығып тіл қатыпты.
Бұл сөзге жауап таппай үнсіз ғана
Үйіріліп ымыртта күн батыпты.

"Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?"
Жұлдыздар жымың-жымың ым қатыпты.
Сауалға жауап іздеп үнсіз ғана
Жаһанда Таң оянып Күн де атыпты.

Дүние бірге Күнмен бір батыпты,
Дүние Таңмен қатар, бірге атыпты.
Дүрсіл қаққан жүрегім өзің айтшы,
Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?

// Шөмішбай Сариев - Кім бақытты?..
160 views15:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 19:02:00 Жар сүюге ер азамат хақылы,
Сұлу сүйер жеткен жігіт батылы.
Бірақ-бірақ қор болады өмірі,
Сүйген жардың жұтаң болса ақылы.

// Рза Оңғарбай
130 views16:02
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 17:54:00 Мейрамбек Беспаев - Шал ақынның термесі
157 views14:54
Ашу / Түсініктеме