Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 545

2021-05-26 07:40:07 Ер адамның жағдайы тұрақты, ол қандай да бір ауыр жарақат алған жоқ, тек көп жүргендіктен аяғы ауырып тұрғанын айтты.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/26/181085/
381 views04:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 13:45:14 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі отырыста бейнеүндеу жасайды.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/25/181012/
80 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 13:08:56
Маңғыстау облысында оқушылардың төбелесі видеоға түсірілді

Маңғыстау облыстық полиция өкілдері оқиғағы қатысты пікір білдірді.

"25 мамырда сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин атандағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында жеті адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жәбірленуші жоқ. "Соңғы қоңырау" күніне байланысты полиция күшейтілген режимге көшті", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.
111 views10:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 12:39:07 Бірінші мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналарын мерзімінен бұрын алатындар тізімі кеңейді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады. Ерікті зейнетақы жарнасы – салымшылардың өз бастамасымен зейнетақы қорындағы шотына аударатын ақшасы. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ерікті зейнетақы жарнасын мерзімінен бұрын алуға мына санаттағы адамдарға рұқсат етіледі:

- елу жасқа толған; мүгедектерге;
- Қазақстан шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (кету ниетiн немесе фактісін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда);
-БЖЗҚ-да және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы шегінде кемінде 5 жыл зейнетақы жинағы бар адамдар.

Соңғы санат тізімге биыл мамырда ғана енді. Енді зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын кемінде бес жыл аударған азаматтар шоттағы ақшасын мерзімінен бұрын алуға құқылы.

Мәселен, егер салымшы ЕЗЖ-ны 20 немесе 30 жастан бастап аударса, тиісінше 25 немесе 35 жасқа толғанда өзінің алғашқы төлемін алады.

 Айта кетсек, 2021 жылдың 1 мамырынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін шоттар автоматты түрде ашылады. Жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негіз болады. Яғни салымшыға кеңсеге барудың қажеті жоқ. ЕЗЖ-ны жеке тұлға өзі үшін, жеке немесе заңды тұлғалар басқа біреу үшін аудара алады.
137 views09:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 12:39:07
124 views09:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 11:29:35 Зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын кемінде бес жыл аударған азаматтар шоттағы ақшасын мерзімінен бұрын алуға құқылы болады.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/25/180993/
164 views08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 08:18:02 Астрологтардың 29 - 30 мамырға жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2021/05/24/180905/
246 views05:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 07:45:22 Министр Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды бөлісті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін таныстырды. Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдай болжамын жаңартты.

"Пессимистік сценарий кезінде, вакциналау тиімділігі 60%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйек айында вирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтайды", – деді Цой үкімет отырысында.

Реалистік сценарий бойынша, вакциналау тиімділігі 80%-тен кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді. Оптимистік сценарийде вакциналау тиімділігі 95%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйекте 61 мыңға жуық адам індетке шалдығады деп болжанып отыр. Министр сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

 Министр бұл немесе басқа сценарийдің жүзеге асырылуы азаматтардың вакцина салдырудағы белсенділігіне тікелей байланысты болатынын айтты.

"Осыған байланысты вакцинациямен қамтуды арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың вакцинациямен қамтуды ұлғайту және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдауы орынды деп санаймыз", - деп қосты министр.
261 views04:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 07:45:22
245 views04:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 12:20:57 Алматы облысында көлік апатынан 27 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/24/180893/
266 views09:20
Ашу / Түсініктеме