Get Mystery Box with random crypto!

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың | КТК жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың Үндістандық штаммы анықталмағанын айтты.

"Қазір Үндістанмен тікелей рейстерге тыйым салынған. Сонымен қатар, Үндістаннан келгеннің бәрі оқшауланып, 14 күн бойы бақылауда болуы керек деген қаулы бар. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен болса да", - деді Алексей Цой.

Министр елімізде вирустың жаңа штаммдары тіркелмегенін мәлімдеді.

  "Қазіргі уақытта Қазақстанда үнді штаммдары анықталған жоқ. Біз күнделікті зерттеу жүргізіп отырамыз", - деп түсіндірді ол.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шектеулер Мальдив аралдарына да қатысты екенін айтты.

 "Мальдив аралдарында мыңға жуық азамат бар. Біз бұл тараптан барлық рейстерге толық шектеу енгіздік, өйткені біз үнді штамдарының Қазақстанға әкелінуіне жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек", - деді ол.