Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? СІЗДЕРМЕН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚПЕН БӨЛІСПЕКШІМ | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? СІЗДЕРМЕН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚПЕН БӨЛІСПЕКШІМІН ӘРИНЕ, КРЕДИТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Енді сіздің атыңызға алаяқтар кредит алған болса, оны дәлелдеген жағдайда кешіреді.

Қазіргі таңда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен екінші деңгейлі банктер меморандумға қол қойып жатыр. Егер банк алаяқтардың іс-әрекетінен алынған кредитті білсе, бірден сыйақыны тоқтатуы керек болады. Ал, ол сот арқылы “алаяқтық жолмен алынған кредит” екені дәлелденсе, онда банк клиенттің басындағы кредитті алып тастайды. Егер, алаяқтар клиенттің шотындағы ақшаны алған болса, банк бұл жағдайда клиентке ақшасын қайтарып береді.

Келісімге өзгертулер мен толықтырулар 2023 жылдың маусым айының соңына дейін енгізеді.

ЖАНДАРЫМ СОЛ БАРЫНША МҰҚИЯТ БОЛАЙЫҚ. ПИН КОДТЫ, КАРТАНЫҢ АРТЫНДАҒЫ 3 САНДЫ, ӨЗІҢІЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ!