Get Mystery Box with random crypto!

ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ… ҚАЙЫҚ Соңғы кезде сіздің ойыңызша өміріңіг | 💰GULMIRA QARASAI

ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ…

ҚАЙЫҚ

Соңғы кезде сіздің ойыңызша өміріңіге сәттілік жетіспейтін сияқты. Ол махаббат, карьера немесе қаржылық жоспарда болуы мүмкін. Сіз қалаған нәрсе соңғы минутта аяқ астынан жоқ болып кетеді. Өзіңді жолы болмайтын адам ретінде сезіну өте қиын, сіздің ойыңызша тағдыр сізді сынауда. Ең бастысы мейірімділік пен әділдікке деген сеніміңізді жоғалтпаңыз. Көңіліңіз түспесін. Мұндай жағдайлар өмірдің бір бөлігі. Әрбір адамның тағдырында осындай сынақтар бар. Әрбір айдың 15 күні қараңғы, 15 күні ақ. Сіз көңілді жүрген сайын сізге сәттілік өзінен-өзі тартылады. Өз бақытыңызды өзіңіз жасайтыныңызды ұмытпаңыз.

КІТАП

Сізге кәдімгідей жақсылап демалу керек. Демалу деген - демалыс күндері ұйқыны қандырып, төсекте кітап оқу емес! Демалыс деген - саяхаттау немесе ойыңызды басқа арнаға бұратын жаңа сабақ алу. Соңғы кезде сізді шартаудың ең жаманы - созылмалы шаршау болып жүр. Ол сіздің денсаулығыңыздан бөлек, жеке өміріңізге де әсер етуде. Ұзақ уақыт демалысқа шықпаған адам - өз өмірін дұрыс басқара алмайды. Келесі демалыста үйде емес, қаладан шығуға тырысыңыз. Ол сіздің жағдайыңызға керемет әсер етеді. Толыққанды эмоцианалды демалыс сізге ем болады, өміріңізге қуаныш сыйлайды.

ЕРІН

Сізге бостандық жетіспейді. Сіздің өміріңізде шектеулі шеңбер бар, одан шығуға сізге ресурс та, батылдық та жетіспейді. Сіз өзіңізді басқалардың пікірінен немесе жағдайға тәуелді екеніңізді сезесіз. Сол кезде бәрін тастап, көшіп кеткіңіз келеді. Кейін қорқыныш басып, жаңа өмір, бостандық сізді алаңдатады. Бастапқыда кішкене дүниеден бастаңыз. Мысалы, сіз өзгелер сізден күткен нәрсені емес, өз қалаған нәрсеңізді істеп көріңіз. Бұл сіздің ой бостандығы, іс-әрекет бостандығы, таңдау бостандығына деген алғашқы қадамыңыз болады. Бірден үлкен өзгеріс қажет емес, кейде өз қалаған нәрсеңізді істеңіз. Әрине, ең қиыны бірінші қадам жасау. Кейін бұл әрекетіңіз ұнаса, ары қарай оңай болады.

ЖАНДАРЫМ СОЛ ТЕСТ ҰНАДЫ МА?