Get Mystery Box with random crypto!

Егер өмірді өзгерткің келсе, онда алдымен өзіңнен бастағаның ж | Жеке күнделік / Мотивация

Егер өмірді өзгерткің келсе, онда алдымен өзіңнен бастағаның жөн. Өйткені, ең маңызды әлем сенің жүрегіңдегі ахуал. Айналамызда болып жатқанның бәрі санада туған ойдың, тілектің, сөздің сұлбасы. Тілектің қуаты – алға жылжуға итермелейтін күш. Адам өзін өзгертуі үшін төмендегі кеңестерге құлақ асқаны абзал дейміз.

1. Елді әр мүмкіндік туған сайын қолдап, мақтап отыр. Сенің мақұлдауың сол адамның рухани өсуіне тыңайтқыштай әсер етеді.
2. Ешқашан ешкімді келемеждеме, намысына тиме.
3. Адам туралы тек жақсы сөз айт. Жақсы сөз табылмаса, үндемей қал.
4. Адамның ісіне мән бер. Сонда мақтауға сөз табылады. Жалған мадақтаудан аулақтайсың.
5. Адамның жақсы қасиеттеріне ғана мән бер. Егер әлде де ол адамның бойынан бекзаттық пен даналық байқалмаса, оның бойындағы осы қасиеттерін көрсет. Сонда ол адам осы қасиеттерін дәлелдей түскісі келетін болады.
6. Адамды сынама. Сынай бастасаң, онда сын жеке басына емес, оның әрекетіне қатысты болсын.
7. Өзгенің алдындағы артықшылығыңа мақтана берме.