Get Mystery Box with random crypto!

Сенің әрбір еңбегің тек өзің үшін Мектепте оқып жүргенде, а | Жеке күнделік / Мотивация

Сенің әрбір еңбегің тек өзің үшін

Мектепте оқып жүргенде, ата-анамыз үшін немесе мұғалімдер, емтихан тапсыру үшін оқитын сияқты сезілетін. Сол кезде, жалқауланып ойынның түр-түрін табатын едік. Апай қарамаған кезде қасымыздағылардың жауабын көшіріп аламыз, ауырып тұрмын деп сабаққа бармай, сабақ қайталаймын деп сотка шұқылап т.б., әйтеуір шығармайтынымыз жоқ еді. Сол кезде ұрыс естімей, үй жұмысынан құтылғанымызға кәдімгідей қуанатын едік қой. Сосын мектептен кеткен соң ақырындап түсіне бастадық: кезінде білімді боп көп нәрседен хабар алу үшін сабақ оқыппыз; емтихандарға қай жағынан әлсіздеу екенімізді тексеру үшін қатысыппыз; Осылай қиналып 11 жыл оқығанымыз болашақтағы үлкен өмірге негіз қалау үшін екен ғой.

Бірақ біз көбінесе зиян шегіп, соқпаққа ұрылып, ұзын жол жүрген соң ғана осыларды түсінеміз. Егер мектепте жүргенде осыны білсек мүмкін тіпті құлшынып, оқу барысына тіпті мұқият қарайтын едік. Адамдар басынан бірдеңе өткен соң ғана оянып сезінеді, сосын өзін-өзі өзгертуді шешім қабылдайды екен.

Сондықтан сабақ оқуды қиын сезінген кезіңде бас тартпа, көңіл-күйіңді түсірме, себебі сенің қазіргі төзімің мен сабарлығың өз жан-дүниеңді байыту үшін. Қазір дұрыстап істеген әрбір ісің өз болашағыңның қаңқасын бекіту болып саналады.

Егер қазір білім жолында, арманға барар жолыңда, құлшыныс жолыңда сәл қиналып келе жатсаң, есіңде болсыншы: сенің барлық еңбектерің жарқын болашағың үшін, тіпті керемет өзің болу үшін.