Get Mystery Box with random crypto!

Вице-министр «асқазанынан хат табылған» сотталушының өліміне қ | Жаңалықтар 🇰🇿

Вице-министр «асқазанынан хат табылған» сотталушының өліміне қатысты іске пікір білдірді

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев бір апта бұрын Заречный кентіндегі 155/8 мекемесінде «өз-өзіне қол салған» тұтқынның өліміне қатысты іс туралы айтты. 18 ақпанда марқұмның асқазанынан «тұтқынның өліміне кінәлі» адамдардың аты-жөні көрсетілген хат табылды

Өткенде болған оқиға. Дұрыс айтасыз. Сараптама кезінде хат табылғаны рас. Ол туралы іс тіркеліп, қазір тергеу жүріп жатыр.
Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы (105-бап) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әзірше ешкімге айып тағылмаған. Қазір қандай да бір адамға айып тағылды деп айта алмаймын. Дәлелдер жиналған жоқ. Егер кінәлі адамдар анықталса, тергеу органдары жинақтаған дәлелдерге сай айып тағатын шығар

Марат Қожаев

15 ақпанда Алматы облысы Заречный кентіндегі 155/8 мекемесінде 1998 жылы туған Әркен Қарасай есімді сотталушы «суицид жасаған». Ол өзіне қол жұмсамай тұрып бауырына хат жазып, онда осы мекеменің «өзін суицид жасауға итермелеген» төрт қызметкерінің аты-жөнін атаған. Хатта Әркен Қарасай өзі жазасын өтеп отырған мекемедегі «жемқорлық» туралы айтып, «түрме қызметкерлері жас жігіттерді мекемеге жұмыс істеуге мәжбүрлейді, келіспесе, ұрып-соғады, балағаттайды» деп жазған.

Хаттан үзінді:
«Осы мәселені шешіп, оларды заң аясында толық жазалауды сұраймын. Бұл хат менің ішімде болады, өз қолыммен жазғанмын. Өліміме тікелей осы адамдар кінәлі. Хат адресатына жетеді деп ойлаймын»

Түрмеге жеткенде ол жақта тергеушілер, лагерь басшысы жүрді. Мәйіті Қонаев қаласының мәйітханасына жеткізілген, - деді бауыры Жәкен Қасенов.

@qaz365kz