Get Mystery Box with random crypto!

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі 'Бесінші түрме' аталып кеткен тер | Жаңалықтар 🇰🇿

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі "Бесінші түрме" аталып кеткен тергеу изоляторының видеосы тарады.

"Тергеу изоляторын ақтөбеліктер "бесінші түрме" деп атайды. Мына видео сол "бесінші түрмедегі" #148 камерада түсірілген. Видеодағы тұтқынның сөзінше, тар қапасқа 11 адам қамалған. Қабырғасы көктеп, сылағы түсіп жатқан бұл камераны түрме басшылары "апаттық жағдайда болғандықтан бір ай бұрын консервациялап қойдық" деді. Басшының айтуынша, изоляторда тап осындай екі камера бар.
Изолятор 1949 жылы тұрғызылған. КУИС "2026 жылға дейін Ақтөбеде 1,5 мың орындық жаңа изолятор саламыз" деді. Құрлыстың қашан басталары белгісіз" деп жазады журналист Жаңагүл Жүрсін.

@qaz365kz