Get Mystery Box with random crypto!

Байланыс сапасының жақсаруына не кедергі? Цифрлық даму, иннов | Жаңалықтар 🇰🇿

Байланыс сапасының жақсаруына не кедергі?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин радиоқондырғылардан қорқатын қазақстандықтарн байланыс сапасын жақсарту бойынша жұмыстарға кедергі келтіріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының өзінде бірінші тоқсанда 37 осындай станция орнатылса, оның 35-і қайта бұзылған.

"Біз 99 тұрғынның сөзін тыңдап, байланыс сапасын қамтамасыз етуіміз керек пе, әлде радиофобиясы бар бір тұрғынның сөзіне құлақ асуымыз қажет пе? Ол мұның барлығы денсаулығына әсер етеді деп ойлайды. Егер оның отбасында рак ауруына шалдыққан болса, онда оның пайымынша мұның барлығы соның салдарынан (базалық станцияның шатырдағы қондырғылары – ред.). Ал біз үнемі оларды ойыншықтар секілді бір жерден алып, екінші жерге орнатуға мәжбүрміз. Әлбетте жұмысымыз осылайша өнбейді", - деді Мусин депутаттар мен байланыс операторлары өкілдеріне арналған ашық есік күні барысында өткен кездесуде.

Соңғы жаңалықтар осында