Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.82K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 22

2022-11-04 11:00:49
SonyPlayStation5, Dyson фені, Samsung S22 және iPhone 14 алуды көптен бері армандап жүрсіз бе? Beeline Қазақстан арманыңызға жетуге көмектеседі!
2022 жылғы 26 қазаннан 30 желтоқсанға дейін Beeline Қазақстан «Сенім төлемі үшін жүлде» беріледі акциясын өткізеді, онда PS5 жалғамасының жаңа үлгісі, Dyson фені, Samsung S22 смартфоны және желтоқсанда бас жүлде – iPhone14 ұтысы болады.
Мобильді шот нөлге жақын, бірақ сол сәтте толтыруға мүмкіндік жоқ, ал байланыста болу аса маңызды кезде «Сенім төлемі» қызметі керек болады!
Қатысу өте оңай:
26 қазан мен 30 желтоқсан аралығында «Сенім төлемі» қызметін қосыңыз. Теңгеріміңіз белгілі бір сомаға 3 күнге толтырылады – оны қалауыңызға қарай қолданыңыз және ұтысқа қатысатыныңызды біліңіз.
Сенім төлемін көп қолданған сайын, ұту мүмкіндігіңіз арта түседі!
Ұтыс апта сайын өтеді, ал 30 желтоқсанда суперфинал болады, онда ұтысқа iPhone 14 тігіледі! Барлық жеңімпаз рандомайзермен анықталады. Әлеуметтік желілерде Beeline Қазақстанның парақтарын қарап жүріңіз.
«Сенім төлемін» келесі жолдардың бірімен қосуға болады:
1. *141# пәрменін теріп, қоңырау шалу пернесін басу;
2. «Менің Beeline-ым» қосымшасында қосу, «Қызметтер» бөлімі, ары қарай «Сенім төлемі».
Акцияны өткізуге қатысты толық ақпарат мына сілтемеде.  
Сәттілік серігіңіз болсын!
 
371 views08:00
Ашу / Түсініктеме
2022-11-03 12:09:28
Шетелдік басылымдарда Владимир Путиннің ұйқы безінің қатерлі ісігі мен Паркинсон ауруына шалдыққаны жөнінде ақпарат тарады.

БАҚ мәліметінде Кремль барлау қызметінің құжаттары таралып кеткені көрсетілген. Ақпаратқа сәйкес 70 жастағы Путин ұйқы безінің қатерлі ісігімен ауыратыны, сонымен қатар Паркинсон ауруының алғашқы сатысы анықталған. Ол емдеуші дәрігерлер тобының бақылауында.

Ұйқы безінің қатерлі ісігі асқынып кетпеуі үшін президент үнемі ауыр стероидтар мен инновациялық ауырсынуды басатын дәрілер қабылдайды. Өкініштісі, бұл дәрілер ағзаға жанама әсер беріп, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкеледі.

Кремль өкілдері Ресей мемлекеті дертке шалдыққанын жоққа шығарып, оның сау екенін айтады.

@ZhanalyktarKZ
1.2K viewsedited  09:09
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 19:26:48
Қазақстандық чемпиондар енді өмір бойына ай сайын 300 мың теңгеден астам қаражат алады.

Мәдениет және спорт министрлігі әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өскенін мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 100 АЕК 306 300 теңгеден алатын болды.  

Бұл өзгерістер спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Яғни, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады.

@ZhanalyktarKZ
142 viewsedited  16:26
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 17:05:56
Розыгрыш Apple AirPods Pro и 200 000 ₸

1 место: Apple AirPods Pro
2 — 5 место: по 50 000 ₸ фрибета каждому

Для участия вам нужно:

Подписаться на PIN-UP.KZ
Оставить комментарий "участвую" под этим постом

Участие могут принять только жители Республики Казахстан старше 21 года
1 участник = 1 подарок
Обязательно наличие никнейма в профиле
В розыгрыше не участвуют сотрудники: ТОО “Бонами“, сотрудники связанные с экосистемой нашей компанией
Будьте готовы предоставить фотографию удостоверения личности для подтверждения соответствия условиям конкурса

Итоги 09.11
Победителей определим в прямом эфире

Алға

PIN-UP.KZ
719 views14:05
Ашу / Түсініктеме
2022-10-30 10:03:41
Шымкентте студенттерді белдікпен ұрған колледж мұғалімі жұмыстан шығарылды

Шымкенттегі Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде мұғалім тәртіпке көнбеген студенттерді белдікпен ұрған. "Дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық" пәндер кафедрасының оқытушысының бала тәрбиесіндегі бұл әдісін тәлімгерлердің бірі ұялы телефонына түсіріп алған екен.

Осыған ұқсас басқа да жазбалар әлеуметтік желіге тез тарап, ата-аналар жағынан оқытушыға қатысты шағымдар түсе бастаған. Тіпті бір баланың анасы дәл осы ұстаз сабақ кезінде ұлының жағынан ұрып, баласының ауруханаға түскенін хабарлаған. Әрі дәрігерлер жеткіншектің жағын екі жерінен тіккенін айтқан.

Қазір полиция бұл шағым негізінде тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Ал білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізіліп, студенттерді белдікпен ұрған оқытушыны жұмыстан шығарған.

@ZhanalyktarKZ
3.8K viewsedited  07:03
Ашу / Түсініктеме
2022-10-29 15:18:53 Қазақстанда теңгедегі депозиттердің максималды мөлшерлемесі өсті. Мамандар мұның ешқандай пайдасы жоқ екенін алға тартты.

Шешім Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін ұлғайту дәстүріне байланысты болған.

Депозиттер құнының қымбаттауы салымшылар үшін жақсылықтың белгісі болғанымен, қазіргі жағдайда инфляция пайда табуға мүмкіндік бермейді дейді экономистер.

“Жылдық 15-16 пайыз жалпы алғанда өте лайықты кіріс, бірақ ол қазіргі инфляцияны өтей алмайды. Яғни, қазір теңгелік депозитке ақша салып, теңгелік депозитте ақшаны сақтай отырып, сіз жылына 2% шамасында өз жинақтарыңызды құнсыздандырасыз”, – дейді экономист Арман Бейсембаев.

@ZhanalyktarKZ
4.1K views12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-10-27 16:37:39
Индонезияда питон әйелді жұтып қойған.

54 жастағы әйел каучук жинау кезінде жоғалып кеткен. Ал күйеуі әйелдің тек аяқ киімі мен құрал-жабдықтарын тапқан.

Көп ұзамай жақын маңнан 7 метрлік жылан табылды. Асқазанын тексеру кезінде алып жылан әйелді жұтып қойғаны анықталды.

@ZhanalyktarKZ
5.7K viewsedited  13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-10-26 16:06:41 Күнбағыс майының бағасы жыл басынан бері 15 пайызға қымбаттаған

Қыркүйекте күнбағыс майының бір литрі бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.

Өңірлер арасында күнбағыс майының ең қымбат бағасы Қонаевта (1001 теңге) тіркелген, ал ең арзан баға Өскемен қаласында – 743 теңге.

Айта кетейік, қала тұрғындары күнбағыс майын ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынатын болып шықты.

Сіз тұратын аймақта күнбағыс майының бағасы қанша?

@ZhanalyktarKZ
6.2K views13:06
Ашу / Түсініктеме
2022-10-22 07:54:01
Түркі мемлекеттері бірыңғай әліпбиге көшуді талқылап жатыр.

Бірыңғай әліпби мәселесі Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия мен Қырғызстанда талқылануда. Anadolu басылымына мәліметінше, тіл бірлігі мен түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиге көшу үдерісін жеделдету мақсатында біртұтас әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылды.

Оның құрамына түркі мемлекеттеріндегі тіл саясатымен айналысатын әр ресми құрылымнан екі мүше кіреді. Комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда өтеді.

Түркі елдеріне бірыңғай әліпби керек пе?

@ZhanalyktarKZ
9.4K viewsedited  04:54
Ашу / Түсініктеме
2022-10-20 13:27:27 Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған

Жалпы 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойындарға барған.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты:

ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн;

ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;

ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн;

ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн;

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;

Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн;

Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн.

@ZhanalyktarKZ
8.5K views10:27
Ашу / Түсініктеме