Get Mystery Box with random crypto!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында сө | Жаңалықтар 🇰🇿

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінен:

- Qurultay мобильді қосымшасы қажет. Сол арқылы халық елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айта алады.
- Әулиетау етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын
- 20-дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп, қабылдау керек. "Сайлау туралы, саяси партиялар туралы және басқа да бірқатар заңдарды өзгертеміз...
Реформаны созып, арқаны кеңге салуға болмайды. Жұрт нақты өзгерістердің қазір болғанын қалайды".
- Біз латын әліпбиіне көшуде асығыстыққа жол бермеуіміз керек.
Мұндай үстірт жасалған тіл реформасының қажеті жоқ. Бізге нақты реформа керек
- Ұлттық құрылтай азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі болуы тиіс
- Мемлекеттік қызметшілерді қандай да бір топ мүшелері деп санауға болмайды. Ал кадрлық құрам мұқият жаңартылуы керек
- Қазақстан тарихы бойынша көп томдық кітап басылымға дайындалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар осында