Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.82K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 23

2022-10-19 12:05:36 Тоқаев: Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ.

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы өңір жұртшылығымен кездесуде қазақша сөйлейтін жастардың көбейіп келе жатқанын, жалпы, тілдік орта түбегейлі өзгергенін атап өтті.

"Қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соған сәйкес қазақша фильмдерге, әндерге және басқа да өнімдерге деген сұраныс жоғары. Мұның бәрі қазақ тілінің қолдану аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ. Осындай теріс түсініктер кейбір елдерді қасіретке ұшыратты", - деді ол.

Тоқаев мемлекет қазақ тілін қолдау үшін тиісті шаралар қолданып жатқанын айтты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.

"Өз тілімізді өзіміз ұлықтауымыз керек. Бұл – өте дұрыс. Бірақ, өзге тілден бас тартуға болмайды. "Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін" деген сөз бар. Біз тіл саясатын байыппен жүргізуіміз керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз", - деп толықтырды президент.

Оның айтуынша, әлем халықтарының жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп, озық үрдістерін үйрену үшін тіл білу қажет.

"Бабаларымыз "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл" деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек", - деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысы тіліміз дамымай жатыр деген ойдан арылуға шақырды.

@ZhanalyktarKZ
6.9K views09:05
Ашу / Түсініктеме
2022-10-18 09:23:57 Қазақстанда әскерге барудан қашқандарды 1 жылдан 6 жылға дейін соттау ұсынылды.

Петропавл қаласының өзінде ғана 8 711 адам әскери есепте тұр. Бірақ олардың тек 518-і ғана әскерге барады. Оның 510-ын табу мамандарға қиынға соққан.

“ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабына өзгеріс енгізуді ұсынамыз. Әскери қызметтен өтуге бас тартқандарға, шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне келмегендерді 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесу талап етіледі. Ал әскерге бармау үшін жалған сырқаттанғандар мен өзіне-өзі жарақат салатындарға, жалған құжат жасайтындарға және шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне бірнеше рет келмегендерге 3 жылдан 6 жылға дейін жаза кесуді ұсынамыз", - деп қосты басқарма басшысы Бауыржан Есенеев.

Бұл ұсынысты қолдайсыз ба?

@ZhanalyktarKZ
6.7K views06:23
Ашу / Түсініктеме
2022-10-17 17:13:19
Фермерлер мәселесін шешу үшін арнайы жұмыс тобын құру қажет.

Белгілі қоғам қайраткері Алмасбек Садырбай билік органдары өзін аңдып жүргенін мәлімдеді.

Бейтаныс біреулер оны Қызылордада тұтқынға алып, Түркістанға алып кетпекші болып, күш көрсеткен. Бірақ, әрекеттері іске аспай қалды. Орган қызметкерлері тұтқындауға рұқсат беретін құжаттарын көрсете алмаған.

Оқиға неден басталды? Түркістан облысының шаруалары жиналып, облыс әкімімен кездеспекші болған. Әкім кездесуге шықпай қойғандықтан, шаруалар перфоманс ұйымдастырды.

Хан алдында тізе бүкті.

Шаруалар өз агро-партиясын құрғысы келеді. Осы әрекетті болдырмау мақсатында билік өкілдері шаруалардың (Алмасбектің) ізіне түсіп отыр дейді фермерлер.

@ZhanalyktarKZ
10.1K viewsedited  14:13
Ашу / Түсініктеме
2022-10-15 11:06:24
Лукашенко Назарбаевпен кездесті

Беларусь президенті Астанаға жасаған сапарын пайдаланып, Назарбаевқа барып, қонақ боп қайтты. Жүздесудің сәтін «Пул первого» телеграм каналы жариялады.

Бұрынғы әріптестер бір бірін құшақтап, жылы ілтипат білдірді.

Назарбаев Лукашенкоға бірге түскен бұрынғы фотолар жиынтығы мен қазақстандық шоколадты сыйға тартқанын көруге болады.

@ZhanalyktarKZ
8.0K viewsedited  08:06
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 11:02:01
Қуады екен ғой мынауың…

Түркістан облысында ер адам шөп артылған жүк көлігін өртеп жіберген.

Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол от қойғаннан кейін орындыққа отырып, өртті бақылаған.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше күдікті ұсталды.

@ZhanalyktarKZ
871 viewsedited  08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 10:20:18
«Байденнің баласы»

Желіде қазақ баланың Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің қолын алған видеосы тарады.

Альтаир есімді жасөспірім АҚШ басшысымен анасы оқитын Пенсильвания университетінің кампусында жолыққан, делінген ақпаратта.

@ZhanalyktarKZ
291 viewsedited  07:20
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 11:28:44
«Ресейлік төлқұжатты көрсет те, тегін кофе ал»

Астанада фаст-фуд мейрамханалар желісі ерекше акция ұйымдастырған. Мейрамханада ілінген хабарламаның суреті желіде тарап, қызу талқыға түсті.

Бірі “Мен енді бұл орынға бармаймын” десе, бірі “Олардың ақшасы жоқ дейсіңдер ме” деп өкпесін айтты. Енді біреулері “Тегін кофемен бірге, тегін әскери шақырту да таратылсын” деп пікірлерін жеткізді.

@ZhanalyktarKZ
1.8K viewsedited  08:28
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 19:11:35 iPhone 14 смартфонының сатылымы сәтсіз басталды.

9to5mac компаниясының тілшісі Шанс Миллер iPhone 14 сатылымы сәтсіз басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, Display Supply Chain Consultants сарапшысы Росс Янг Apple компаниясы iPhone 14 смартфоны үшін алдыңғы панельдерге аз тапсырыс бергенін мәлімдеді.

Сарапшы 2021 жылы iPhone 13 үшін берілген тапсырыстан 38%-ға аз екенін анықтады.

Сатылым төмен болғандықтан Apple компаниясы 14-сериядағы басқа модельдерді шығаруға басымдық беріп отыр. Жаңа модельдер тізімін iPhone 14 Pro және 14 Pro Max бастаған.


Росс Янг жыл соңына дейін Apple сатылымға тағы бір смартфон шығаратынын жеткізді. Бұл iPhone 14 Plus. Оның 6,7 дюймдік OLED дисплейі бар. Сатылымға 7 қазанда шығарады деп жоспарланған.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі Apple компаниясы Жаңа жыл мерекесіне қарсы iPhone 14 шығаруды арттырады деп хабарлаған. Алайда сұраныстың төмендігінен көшбасшы компания бұл идеядан бас тартқан.

@ZhanalyktarKZ
729 viewsedited  16:11
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 11:00:45 Қызылорда облысындағы ауыл тұрғындары мал саудасын онлайн жүргізіп отыр

Қызылорда облысындағы Қосүйеңкі ауылында 35 үй түтінін түтетіп отыр. 250-ден асар-аспас тұрғыны бар бұл өңірде де үкімет әзірлеген "250+" бағдарламасы бойынша Beeline-ның кең жолақты интернеті қосылған. Соның арқасында бүгінде ауылдықтар атакәсіпті жандандырып, мал шаруашылығымен айналысып отыр. 2021 жылдың наурызында сапалы интернетке қол жеткізген елді мекенде бүгінде не өзгерді? Толығырақ Stan.kz материалынан оқи аласыздар: https://stan.kz/kizilorda-oblisinda-internet-tyrgindardin-omirin-kalay-366078/
1.4K views08:00
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 06:48:34
Қазақстандағы жарнама сайттарында «пәтерді тек ресейліктерге жалға береміз» деген хабарламалар көбейген.

Оңтайлы сәтті пайдаланғандар пәтерді жалдау құнын 500 мың теңгеге дейін көтерген. Ресейліктерге ғана жалға берілетін пәтерлер көбіне Астана, Қостанай, Атырау, Петропавлда кездеседі.

@ZhanalyktarKZ
2.1K viewsedited  03:48
Ашу / Түсініктеме