Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.82K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 27

2022-08-24 15:00:26
Қазақстанда қанша мектеп бар?

1911 жылы 1475 мектепте 81,4 мың оқушы білім алған.

1936 жылы 7731 мектеп, оқушылар саны - 929 мың.

2021-2022 оқу жылында мекептер саны 7 550 құрады, бұл 1936 жылмен салыстырғанда 181 мектепке аз.

@ZhanalyktarKZ
6.6K viewsedited  12:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 20:11:43 "Бәйтерек" холдингі Сбербанк Қазақстанды сатып алады.

Сбербанк тобы мен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Сбербанк Қазақстандағы ("Сбербанк" АҚ ЕБ) Сбер акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды.

«Банк өзінің клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады. Мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан нарығында клиенттермен өзара іс-қимылдың 15 жылдан астам тәжірибесі жинақталған Сбербанк Қазақстан қызметкерлерінің кәсіби командасы өз жұмысын жалғастыратын болады. Тараптар мәмілені жақын арада жабуды жоспарлап отыр», - деп хабарлады Бәйтерек холдингі.

@ZhanalyktarKZ
6.4K viewsedited  17:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 19:32:56
Бекболат: Ринатқа жауабы...

@ZhanalyktarKZ
5.6K viewsedited  16:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 19:29:21
Ринат: Бекболат жайлы..

@ZhanalyktarKZ
5.4K viewsedited  16:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 20:01:22
Білім беру саласында тағы да өзгеріс болады.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылдан бастап мектептердің бес күндік оқуға көшетінін мәлімдеді.


Дегенмен бұл өзгерістің үш ауысымдық мектептерге қатысы жоқ. Сәйкесінше, мектеп директорлары мен мұғалімдер де бес күн ғана жұмыс істейді. Ал бұл мұғалімдердің еңбек демалысына еш әсер етпейді, яғни 56 күн болып қала береді. Аймағамбетовтің сөзінше, мұғалімдер сенбіде өз балаларының жанында болуы керек.

@ZhanalyktarKZ
6.4K viewsedited  17:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 14:23:57
Көшеде түкіруге болмайды.

Нұр-Сұлтан қаласында жерге түкірген тұрғындарды енді камералар анықтайтын болады.

Куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгіне алады, ал сөзін растау үшін фото немесе видеоны қоса беру қажет. Тәртіп бұзғандарға әкімшілік айыппұл салынады.
8.2K viewsedited  11:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 16:30:01
«Дикий Арманды» қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі төртінші рет ұзартылды.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, «Дикий Арман» лақап атымен танылған күдіктіні қамау мерзімі 7 қазанға дейін созылмақ.

Айта кетелік, 6 маусым күні Арман Жұмагелдиевті ұстау мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылған болатын.

«Дикий Арман» 7 қаңтарда үсталды. Ол заңсыз қару сақтап, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген. Сондай-ақ, Жұмагелдиевтің қылмыстық тобындағы тағы бес адам қамауға алынды.

Бас Прокуратура «Дикий Арманның» қаруланған жақтастары 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын растады.

@ZhanalyktarKZ
10.1K viewsedited  13:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 23:06:07
Соңын жаман айтыпты

@ZhanalyktarKZ
8.4K viewsedited  20:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 17:03:58
LRT: Сұлтанбеков пен Ардан ісі сотқа берілді.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбековке, "Астана LRT" ЖШС бұрынғы Басқарма төрағасы Талғат Ардан және олардың сыбайластарына қатысты қылмыстық істі зерттеу қорытындысына сәйкес олар бойынша айыптау актілерін бекіту туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС бұрынғы Басқарма төрағасы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр. 

@ZhanalyktarKZ
10.2K viewsedited  14:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 11:48:08 250+: Еркіндік ауылы интернеттің рахатын көруде

Тірлігі тәуір, түтіні түзу ұшқан Еркіндік ауылы Қарағанды облысынан 160 шақырым шалғай жерде жатыр. Ауылдың алшақтығына қарамастан, биыл аталған елді мекенге интернет жүргізіліп, ауыл тұрғындары қуанышқа бөленуде.

Еңселі елді мекенге «250+» жобасының аясында Beeline байланыс операторының мұнарасы қойылды. Енді ауылдағы ағайын қаладағы туған-туысқандарымен ұялы телефон арқылы еш кедергісіз тілдесіп, ғаламтордың шарапатына кенелуде.

Интернет келгелі бері елді мекенде тағы не өзгерді? Толығырақ ауыл тұрғындарымен тілдесіп қайтқан Stan.kz тілшіcінің материалында:

https://stan.kz/erkindik-auilinin-tyrgindarin-internet-zhayli-aytip-ber-363970/
9.0K views08:48
Ашу / Түсініктеме