Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.82K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 26

2022-09-03 10:21:05
"Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері Президент жолдауын талқылап, үндеу жасады. Оның ішінде, депутаттық топ мүшелері Астана атауын қайтаруды ұсынды.

"Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамады.

Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді.

Бұл Тұңғыш Президенттің бас қаламыздың құрылысын салдырудағы еңбегін де бағалау және халқымыздың ұсыныс-пікірін де ескеру".

@ZhanalyktarKZ
155 viewsedited  07:21
Ашу / Түсініктеме
2022-09-03 08:18:09
Қазақстанда Galaxy Z Fold4 және Z Flip4 сатылымы басталды

Galaxy Z Fold4 пен Z Flip4 смартфондардың жаһандық нарығында төңкеріс жасауда: өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтінімдер саны биыл 156% өсті.

Қазақстанда бүгілетін Galaxy Z Fold4 және Z Flip4 сатылымы басталды. Сатып алушылар көптен күткен смартфондармен бірге Samsung-тан келесі сыйлықтарды алады: Galaxy Watch4 смарт-сағаты және кепілдік берілген жыл ішінде Infinity Flex дисплейін ауыстыру немесе жөндеу үшін Samsung Care сервисі.

Жаңа бүгілетін Galaxy гаджетінің иесі болудың бірнеше жолдары бар, соның ішіне үстеме пайызсыз бөліп төлеу мен Trade-in тиімді бағдарламасы кіреді. Өзіңіздің алдыңғы буынның Flip немесе Fold ескі смартфоныңызды өткізіп, жаңа Galaxy Z Fold4 және Z Flip4 сатып ала аласыз, осы ретте компания жеңілдік мөлшерін анықтағанда өз пайдаланушыларына арнап ескі құрылғының жағдайын жақсыға өзгертіп көтермелейді, мысалы, құрылғы шағылған болса, оны жұмыс істейді, ал жұмыс істейтін болса, жағдайын жақсы деп есептейді.
354 views05:18
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 15:51:34 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.

«Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын.

…Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ, мен көп ойланып, президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады».

@ZhanalyktarKZ
156 views12:51
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 15:50:13 Әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекітіледі

«Кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі.», деді президент.

@ZhanalyktarKZ
226 views12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 15:49:44 Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады

«Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», деді президент.

Алайда президент тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен ауыстыруға әрекеттенді деп айыпталғандарға рақымшылық жасалмайтынын қосты.

@ZhanalyktarKZ
249 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 15:49:00
Әр баланың шотында 18 жылда кемі 3 мың доллар жиналады – Үкімет есебі

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ұлттық қор – балаларға" жаңа бағдарламасы бойынша 18 жасқа толғанша әр баланың жинақтаушы есепшотында қанша қаражат жиналатынын айтты.

@ZhanalyktarKZ
273 viewsedited  12:49
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 20:34:42
Ақтауда теңізге батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалған ер адамның кім екені белгілі болды.

Ер адамның есімі - Александр Шарин. Сол күні Александр отбасымен және достарымен "Золотое солнышко" демалыс базасында демалып жүрген.

Бір мезетте 12 мен 13 жастағы екі қыз бала су жиегінде сапборд теппек болған. Алайда, аяқ астынан жел тұрып, қыздарды теңізге қарай ығыстыра бастаған. Қыздардың бірінің анасы су жағасына жүгіріп келіп, өзі жүзе алмайтындықтан, елден көмек сұраған.

“Маған бірден қыздарды құтқару керек деген ой келді. Суға түсіп 100 метрдей ағысқа қарсы жүздім. Оларға жеткенде, тақтаға отырдым да, ескекті есе бастадым. Тақтадағы үш адамның салмағы айтарлықтай ауыр болды. Ағысқа қарсы тұру өте қиын болды. Жағалауға жете бергенде арқаннан тарта бастадым. Барлығы сәтті аяқталды", - деді ол.

@ZhanalyktarKZ
2.8K viewsedited  17:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 18:26:38
Розыгрыш Apple Watch и 200 000 ₸

1 место: Apple Watch SE GPS
2 — 5 место: по 50 000 ₸ фрибета каждому

Для участия тебе нужно:

Подписаться на PIN-UP.KZ
Оставить комментарий "участвую" под этим постом

Участие могут принять только жители Республики Казахстан старше 21 года
1 участник = 1 подарок
В розыгрыше не участвуют сотрудники: ТОО “Бонами“, сотрудники связанные с экосистемой нашей компанией
Будьте готовы предоставить фотографию удостоверения личности для подтверждения соответствия условиям конкурса

Итоги 12.09
Победителей определим в прямом эфире

Алға

PIN-UP.KZ
2.8K views15:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 10:37:34
Қарағандыда көлік жүргізушісі ер адамды қасақана қағып, үстінен өтіп кеткен.

Оқиға 26 тамызда түнгі 22:00 шамасында болған. 30 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аурухана жатқызылды.

Көп ұзамай 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сөзінше, жәбірленушіні танымайды. Көлікке отырғанда жәбірленуші одан темекі сұрғанын және оған жоқ деп жауап бергенін, сондай-ақ көлік жүргізушінің әйелі де жәбірленушіге ескерту жасағанын айтты. Алайда соңғысы көлік қозғалып бара жатқанда көлікке жақындап, сол кезде оны қағып, басып кеткені белгілі болды.

@ZhanalyktarKZ
4.1K viewsedited  07:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 19:50:57
25 тамызға арналған валюта бағамы

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 25 тамызда валюта бағамы төмендегідей болды:


USD / KZT – 461.98 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 459.62 (Еуро)

RUB / KZT – 7.7 (Ресей рублі)

GBP / KZT – 545.23 (Фунт стерлинг)

TRY / KZT – 25.46 (Түрік лирасы)

UAH / KZT – 12.51 (Украин гривниі)

CNY / KZT – 67.3 (Қытай юані)

KGS / KZT – 5.75 (Қырғыз сомы)

AED / KZT – 125.79 (БАЭ дирхамы)


@ZhanalyktarKZ
6.3K viewsedited  16:50
Ашу / Түсініктеме