Get Mystery Box with random crypto!

Zamanayi Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan Z
Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan
Арна мекенжайы: @zamankaz
Санаттар: Ойын-сауықтар , Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 6.46K
Арнадан сипаттама

Заманауи Қазақстан 2020 | 🇰🇿
Қазақстанда болып жатқан күнделікті оқиғалар мен жаңалықтарды бірінші болып бізден оқыңыз🗣
По вопросам: @texas171717

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-07-14 07:00:11
Кейінгі тәулікте 3695 адамнан коронавирус анықталды. Бұл республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны бойынша тіркелген рекорд. Бұған дейінгі рекорд 9 шілдеде тіркелген болатын: 3 130 жағдай.

Ал Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.
3.7K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 19:05:31
Елбасы Путинмен кездесуінде ресейлік дәрігерлер оны коронавирустан аман алып қалғанын айтты

«Пандемия кезінде Ресей тарапының Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен ауырған кезде бір топ ресейлік дәрігер менің қасымда 10 күн болғанын ешқашан ұмытпаймын. Олардың көмегі менің дерттен жазылуыма себеп болды. Бұл ұмытылмайды», – деді Елбасы.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа өткен жылдың 18 маусымында шалдыққан еді. 2 шілдеде оның дерттен айыққаны жарияланды.
465 views16:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 17:37:34
Футболдан Европа Чемпионаты өтуде және Қуаныш халыққа барынша көмектесіп жүр.
Кәсіби аналитиканың арқасында онымен бірге адамдар 200-300 мыңдап тауып жатыр, 1 айлық чемпионатты жіберіп алмайық
Толық ақпарат оның каналында
https://t.me/joinchat/eN6TDW4_BEoyMTli
Тездетіп Қуанышқа жазайық: @kuanyshkz
505 views14:37
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 07:00:06
Нұр-Сұлтанда Елорда күнін тойлауға тыйым салынды.

Кейінгі қаулыларға сәйкес, жабық ғимараттарда және концерт залдарында концерттер мен бұқаралық мерекелерге тыйым салынды.

Сондай-ақ, саябақ аумағында орналасқан ашық аттракциондар да жұмыс істемейді.

Театрларға сыйымдылығын 20 пайыздан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сонымен қатар көшпелі концерт - ПТР-тесттермен өнер көрсетуге, сондай-ақ Ashyq жобасын қолданып, далада іс-шара өткізуге болады.

6 шілдеде «МузАрт» тобының онлайн-концерті жоспарланып отыр.
670 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 07:00:06
Атырауда әкесі мен баласы тапаншамен шабуыл жасаған қарақшыны ұстады

Олар қаладағы базар қоймаларының бірінде болған. Әкесі көлікте отырған кезде бетперде таққан, қолында пневматикалық тапаншасы бар белгісіз адам келіп, оны қорқытып, ақша талап еткен.

Мұны көрген жас жігіт әкесіне көмекке келді. Олар бірге қарақшының қаруын тартып алып, оны полиция келгенге дейін ұстап тұрған. Қазіргі уақытта 34 жастағы күдікті қамауда. Тергеу жүргізіліп жатыр.
713 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 07:00:07
Елордада мас жігіттердің төбелесі бейнекамераға түсіп қалды

Түнгі уақытта Кенесары көшесінде екі ер адам жанынан өтіп бара жатқан көліктерге қарамастан, жолда төбелесті. Оның бірі тақтайды қолына ала салып, екіншісін соққыға жыққан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 30 және 43 жастағы азаматтарды ұстады. Екеуі де мас болған. Олар полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр.
312 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 19:32:46
"Қорқақтар!": Назарбаев шетелге қашып кеткен оппозиционерлер туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүріп, Қазақстан билігін сынға алатын оппозиционерлер туралы сұраққа жауап берді. Экс-президент оларды қорқақ деп атап, өзіне тікелей талап қоюды ұсынды.

"Кем дегенде біреуін (оппозиционер – редакция ескертпесі) атаңызшы, жай көшіп, сол жерде (шетелде – редакция ескертпесі) тұрып жатқан. Жоқ, бәрі қашқын", – дейді экс-президент.
Назарбаев ол адамдарды "көтеріп", "банкирлер, министрлер" қылғанына әлі өкінетінін айтады, ал олар болса ақша ұрлап, қашып кеткен.
"Сатқындар ешқашан жақсы болмайды. Себебі олардың ішінде құрт бар, олар не істегенін, оның дұрыс емес екенін, өз елі мен халқына қарсы сөйлегенін түсінбейді. Ол әрдайым өз елінде, өз халқының арасында дау-дамай болғанын қалайды. Бұл жақсы нәрсе ме?”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының пікірінше, “сатқындар” өздеріне тиесіліні алады.
3.3K views16:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 13:17:41
M&M’s тамашала да, жүлделер ұстап ал!
Mmspromo.kz
377 views10:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 08:00:11
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде вакцинациядан кейінгі жаппай өлім туралы бейнеролик таратуда.

COVID-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін қайтыс болғандар туралы жаңалықтар сюжеттерінен үзінділерден, тақырыптардың скриншоттарынан тұрады.
Видео өткен жылдың 22 қазанында Рен ТВ телеарнасының эфирінде шыққан "Таңғы жаңалықтар" бағдарламасы шығарылымының үзіндісінен басталады. Кадрда тележүргізуші AstraZeneca вакцинасының клиникалық сынақтарына қатысқан бразилиялық еріктінің қайтыс болғаны туралы хабарлайды. Сюжетте жаңалықты жария еткен кезде жас жігіттің өлімінің себебі анықталмағаны айтылады. Сондай-ақ оның вакцина әлде плацебо алғаны да белгісіз болған. Қазақстандықтар таратқан роликте бұл ақпарат жоқ. Сонымен бірге, Reuters басылымы өлімнің екпе жасатумен байланысы туралы мәліметтер жоқ екенін хабарлаған.
509 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 07:00:06
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ БАУЫРЛАР! ҚАСИЕТТІ ЖҰМАДАҒЫ САДАҚАЛАРЫҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН

САНДУҒАШТЫҢ ЕМГЕ БАРЫП, АЯҚҚА ТҰРЫП ЖҮРІП КЕТУІНЕ ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БАР, СӘЛ ҒАНА ҚАРАЖАТ ЖЕТПЕЙ ТҰР , АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ ҮШІН ҚОЛ ҮШІН СОЗЫП ЖІБЕРСЕҢІЗДЕР

Диагнозы ДЦП СПАСТИКАЛЫҚ ДЕПЛЕГИЯ.

БАРША МЕЙІРІМДІ ЖАНДАРГА АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН
АҒАЙЫНДАР, БАУЫРЛАР КІШКЕНТАЙ ПЕРІШТЕМНІҢ АРМАНЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА ,ЖҮРІП КЕТУІНЕ СЕБЕПШІ БОЛЫҢЫЗДАРШЫ.

БЕРГЕН САДАҚАҢЫЗ АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН 700 ЕСЕГЕ ДЕЙІН ӨЗІҢІЗГЕ ОРАЛАДЫ


Каспи голд:
8 (707) 451 47 34

4400 4301 5369 6320
Улболсын Ж.
82 views04:00
Ашу / Түсініктеме