Get Mystery Box with random crypto!

Елбасы Путинмен кездесуінде ресейлік дәрігерлер оны коронавиру | Zamanayi Qazaqstan

Елбасы Путинмен кездесуінде ресейлік дәрігерлер оны коронавирустан аман алып қалғанын айтты

«Пандемия кезінде Ресей тарапының Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен ауырған кезде бір топ ресейлік дәрігер менің қасымда 10 күн болғанын ешқашан ұмытпаймын. Олардың көмегі менің дерттен жазылуыма себеп болды. Бұл ұмытылмайды», – деді Елбасы.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа өткен жылдың 18 маусымында шалдыққан еді. 2 шілдеде оның дерттен айыққаны жарияланды.