Get Mystery Box with random crypto!

Zamanayi Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan Z
Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan
Арна мекенжайы: @zamankaz
Санаттар: Ойын-сауықтар , Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 6.46K
Арнадан сипаттама

Заманауи Қазақстан 2020 | 🇰🇿
Қазақстанда болып жатқан күнделікті оқиғалар мен жаңалықтарды бірінші болып бізден оқыңыз🗣
По вопросам: @texas171717

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 15

2021-05-08 16:42:16
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Жаңа Мостбет ойыншыларына 140.000 теңгеге дейін
Сілтеме арқылы өтіп, депозит жасап, өз бонустарыңды ал!

MOSTBETKZ.COM - мен бірге казино ойна

Сізді:
140.000 теңге алғашқы бонус
казинодағы фриспиндер
кэшбек, акциялар және сыйлықтар күтеді

Mostbetkz.com - ең тез төлемдер
2.5K views13:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 07:55:13
Денесі әр жерде шашылып жатыр: Таразда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Таразда Абай даңғылының бойында жантүршігерлік жол апаты болып, оның салдарынан бір адам көз жұмды. Апатқа кінәлі көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында жасалған адамшошырлық кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Этикалық тұрғыда жантүршігерлік видеоны жарияламаймыз. Оған қоса, психикасы тұрақсыз адамдарға, аяғы ауыр келіншектерге және жасы 18-ге жетпегендерге сілтеме бойынша өтуге кеңес бермейміз. Бейнежазбада жол апатынан қаза тапқан адамның денесі жерде шашылып жатқаны көрініс тапты. Жамбыл облысы полиция департаменті жол апатына байланысты тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
1.9K viewsedited  04:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 09:52:39
Бүгін - ерекше мереке, Қарулы күштер күні.

Айтулы күнмен барлық ер азаматтарды құттықтаймыз! Әрбір ер жігіт өз отбасының абыройлы, айбынды азаматы болсын. Қыздардың қолдаушылары және қорғаушылары болып жүре беріңіздер!

Мейрамдарыңызбен, жігіттер!
2.3K views06:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 19:57:32
Covid-19 вакцинасынан кейін алматылық қайтыс болды деген ақпарат тарады.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қырық екі жастағы Бақытжан Нұртазиннің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізуді тағайындады, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, ер адамның жағдайы үйде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Бұл күні Бақытжан Нұртазин Covid-19 вакцинасының екінші компонентін алған.

«21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен», – деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасы.
2.3K views16:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 17:53:45
Қаржы министрлігі елордада жасөспірімді шенеуніктің баласы қағып кеткенін растады

Қаржы министрлігі елордада жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кеткен Toyota жүргізушісі мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің басқарма басшысының ұлы екенін растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізушінің әкесі жоғары лауазымды шенеунік емес екенін баса айтты. "Біз әкесін, оның лауазымын ешқалай байланыстырмаймыз. Бұл дұрыс емес. Ол комитет немесе министрліктің топ-менеджері емес, жоғары лауазымды шенеунік деу де қате. Ол мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау департаменті басқармасының басшысы қызметін атқарады. Басқа ұйымдармен салыстырар болсақ, ол бөлім бастығы сияқты", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов. Оның айтуынша, 21 жастағы жүргізушінің әкесі мемлекеттік қызметкер болғандықтан, оның есімі әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде тарап жатыр.
2.4K views14:53
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 18:46:04
Оралда саябақтағы әткеншек істен шығып, 8 бала ауруханаға түсті

Оралда төтенше жағдай болды. 2 мамыр күні кешкісін қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желді оқиғаның видеосы пайда болды. Бейнеден әткеншектің кенет тоқтап қалып, балалардың бір-біріне соғыла бастағанын байқауға болады. "Байғұс балалар. Бұл кадрлар қорқынышты фильмді еске түсіреді. Көмекке асыққан жігіттерге рақмет", - дейді Виктория есімді куәгер. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай туралы хабар 2 мамыр күні шамамен кешкі 20:00 шамасында түскен. Оқиға орнына жеткен ақ халаттылар 8 баланың жарақат алғанын анықтаған. "Олардың бесеуі ұл, үшеуі қыз бала. Балалар негізінен денесінің көгеруі, жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы сынды жарақаттар алған. 10 жастағы баланың жіліңшегі сынған. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деп хабардар етті ведомстводан.
4.0K views15:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 07:02:13
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар туралы статистиканы жариялады.

3 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 1 378 495 адам вакцина салдырды.

Екпе салдырған азаматтар саны бойынша бірінші орында - Алматы қаласы. Одан кейінгі орында Алматы облысы. Өңірде 162 мыңнан аса адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған. 28 мыңға жуық адам «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырған.
2.6K views04:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 20:27:06
Жемқорлық вакцинацияға да жетті ме?

Вакцинация паспортын сатып жүргендерге қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Ел арасында вакцинация паспорты сатылады деген ақпарат тарады. Бейресми дерекке сүйенсек, екпенің екі компонентін алды деген құжаттың құны - 15 мың теңге.

Ал құзырлы мекеменің мәліметінше, әзірге жалған паспорт сатып алғандар туралы нақты ақпарат жоқ. Сондықтан, мамандар медициналық ұйымдардың базасы мен ақпараттық жүйелерді салыстырып көрмек. Егер факті дәлелденсе, бұл іске қатысы барлар жауапқа тартылады.
2.9K views17:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 11:06:42
Диетологтар жұмыртқаны дайындаудың ең зиянды әдістерін атады.


Америкалық диетологтар жұмыртқаны дайындаудың ең зиянды әдістерін атады.

Диетолог Катерина Басбаумның айтуынша, жұмыртқаны майға қуыруға болмайды.

«Жұмыртқалар ақуызға бай, құрамында қаныққан майлар аз. Бірақ сары май қосса, қаныққан майдың мөлшері артады. Бұл мүлдем құптарлық әдіс емемс, өйткені артық қаныққан майлар жүрек ауруымен тығыз байланысты», — деп түсіндіреді ол. 

Кокос майын, бекон майын қолдану немесе кассеролдағы жұмыртқаны дайындау да осындай проблемаларға алып келеді.

Диетолог Ребекка Вашута жұмыртқаны өсімдік майына қуырған кезде тым жоғары температурадан аулақ болуды ұсынады.

«Жоғары температурада пісіру майдың қышқылдануына әкеледі», — дейді ол. Бұл ағзадағы қабыну процестерін тудыруы мүмкін».
4.0K views08:06
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 19:32:30
Жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетуге асықпаған.

Ақтау қаласының маңында жұмыс барысында ер адамды тоқ ұрған. Ол ес-түссіз жатқандықтан, куәгерлер оқиға орнынан шамамен 1 км жерде орналасқан жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда, шақыртуға ешкім келмеген.

Куәгерлердің бірі алғашқы көмекті күтпестен, өзі жедел жәрдем стансасына жүгіріп барған. Оның айтуынша, сол сәтте қызметкерлер шай ішіп отырған көрінеді.

Әйтеуір дегенде зардап шеккен адамды жедел жәрдем көлігі алып кетіп, Маңғыстау облыстық ауруханасына апарған. Әзірге ер адамның қазіргі жағдайы туралы ақпарат берілмеді.
3.1K views16:32
Ашу / Түсініктеме