Get Mystery Box with random crypto!

Zamanayi Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan Z
Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan
Арна мекенжайы: @zamankaz
Санаттар: Ойын-сауықтар , Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 6.46K
Арнадан сипаттама

Заманауи Қазақстан 2020 | 🇰🇿
Қазақстанда болып жатқан күнделікті оқиғалар мен жаңалықтарды бірінші болып бізден оқыңыз🗣
По вопросам: @texas171717

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-08-25 07:00:07
Ауғанстанда Украина ұшағы ұрланған

17 тамызда Кабул әуежайында белгісіз адамдар украин азаматтарын өз отанына эвакуациялауға арналған ұшақты басып алып, Иранға ұшып кетті.

Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин «Қоғамдық радио» радиостанциясының эфирінде хабарлады.
232 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-13 20:09:07
Елімізде нан бір жылда 6%-ға қымбаттаған.

Ал қара бидай-бидай нанының құны 9,2%-ға өсті. Макарон бағасы 10,3%-ға, оның ішінде кеспе бағасы 11,6%-ға көтерілген. Нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 8,2%-ға қымбаттады.

Ал сіз бағаның өскенін байқадыңыз ба?
4.8K views17:09
Ашу / Түсініктеме
2021-08-13 13:53:08
458 views10:53
Ашу / Түсініктеме
2021-08-13 09:20:22
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оқушылар офлайн режимде оқуы үшін барлық білім мекемелерінде "Ashyq" жүйесі жұмыс істейтінін айтты

Жандарбек Бекшин, ең алдымен, мегаполистің барлық мектептеріне "Ashyq" жобасы енгізіліп жатқанын айтты. Бұл КВИ жұқтырған немесе онымен байланыста болған адамдарды оқу орындарына жібермеу үшін жасалады.
"Біз президенттің оқушылар офлайн жағдайда оқуы тиіс деген тапсырмасын орындауды көздеп отырмыз. Бұл үшін оқушыларға қауіпсіз жағдай жасауымыз керек. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап өтті Бекшин брифингте.
Қазіргі уақытта "Атамекен" аумақтық палатасының хабарлауынша, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100% QR-код алды және 1 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша жұмыс істеуге дайын
819 views06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-13 09:19:46
Басқарма басшысы 500 адамға той жасаған

Қарағандыда белді мейрамхананың бірінде жер қатынастар басқармасы басшысы Қалел Мақсұтовтың қызын ұзатуы әлеуметтік желіде шу болды.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі сұрау салғанымызда бұл іске қатысты мәлімет тексеріліп жатқанын айтты. Егер шенеуніктің тойға қатысты кінәсі анықталса, карантин режимі бұзылса, оны жұмыстан шығаруға дейін жаза қолданылады. Ал іс шараны ұйымдастырушыларға айыппұл салынады.
733 views06:19
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 07:00:06
Талдықорғанда қала орталығында өтіп бара жатқан қызға шабуыл жасап, сыра бөтелкесімен ұрған жас жігіт іздестіріліп жатыр.

Ерсі әрекетімен қала тұрғындарын шошытқан қылмыскердің суреті әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жазба авторы жігіттің "Атамекен" ойын-сауық орталығының алдында қызды ұрып, оқиға орнынан қашып кеткенін атап өтті.
Полиция бұл ақпаратты растап, оқиғаның 15 шілде күні сағат 23:00 шамасында болғанын айтты.
"Қазір қалалық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізуде. Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлімі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
25 жастағы қыздың ауыр жарақат алмағаны хабарланды. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол амбулаториялық емделуге жіберілді.
548 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 07:00:06
Елімізге Pfizer вакцинасы күзде жеткізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы алдын ала келісім жасалғанын мәлімдеді.

«Pfizer» компаниясымен 2021 жылдың IV тоқсанында вакцина жеткізу бойынша келісім жасалды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Pfizer вакцинасын жеткізуді тапсырған болатын.
318 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-28 14:23:23
Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалда ресейлік Имам Хатаевпен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, бесінші боксшымыз Токио Олимпиадасымен қош айтысты. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.
4.2K views11:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 16:40:05
Бүгін елімізде ауыл әкімдерін сайлау өтеді

Ол үшін 14 облыста 1874 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Жалпы 730 елді мекенде 2297 кандидат тіркелген.

Еске салайық, ауыл әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы сайлау тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатыр. Тиісті заңға Президент 25 мамырда қол қойған.
569 views13:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 15:37:59
Достар, бүгін футболдан тартысты ойындар болады! Ақшаны 6-7 есе көтергін келсе, @Sayat_Makhmetov көмек беруге дайын. Күнде өз каналында халыққа көмектесіп жүр және өз каналында ақшалай ұтыстар жасайды
Тездетейік
https://t.me/joinchat/VurrEm47PPzLmoQx
682 views12:37
Ашу / Түсініктеме