Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде вакцинациядан кейінгі жап | Zamanayi Qazaqstan

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде вакцинациядан кейінгі жаппай өлім туралы бейнеролик таратуда.

COVID-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін қайтыс болғандар туралы жаңалықтар сюжеттерінен үзінділерден, тақырыптардың скриншоттарынан тұрады.
Видео өткен жылдың 22 қазанында Рен ТВ телеарнасының эфирінде шыққан "Таңғы жаңалықтар" бағдарламасы шығарылымының үзіндісінен басталады. Кадрда тележүргізуші AstraZeneca вакцинасының клиникалық сынақтарына қатысқан бразилиялық еріктінің қайтыс болғаны туралы хабарлайды. Сюжетте жаңалықты жария еткен кезде жас жігіттің өлімінің себебі анықталмағаны айтылады. Сондай-ақ оның вакцина әлде плацебо алғаны да белгісіз болған. Қазақстандықтар таратқан роликте бұл ақпарат жоқ. Сонымен бірге, Reuters басылымы өлімнің екпе жасатумен байланысы туралы мәліметтер жоқ екенін хабарлаған.