Get Mystery Box with random crypto!

Елордада мас жігіттердің төбелесі бейнекамераға түсіп қалды | Zamanayi Qazaqstan

Елордада мас жігіттердің төбелесі бейнекамераға түсіп қалды

Түнгі уақытта Кенесары көшесінде екі ер адам жанынан өтіп бара жатқан көліктерге қарамастан, жолда төбелесті. Оның бірі тақтайды қолына ала салып, екіншісін соққыға жыққан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 30 және 43 жастағы азаматтарды ұстады. Екеуі де мас болған. Олар полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр.