Get Mystery Box with random crypto!

Zamanayi Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan Z
Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan
Арна мекенжайы: @zamankaz
Санаттар: Ойын-сауықтар , Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 6.46K
Арнадан сипаттама

Заманауи Қазақстан 2020 | 🇰🇿
Қазақстанда болып жатқан күнделікті оқиғалар мен жаңалықтарды бірінші болып бізден оқыңыз🗣
По вопросам: @texas171717

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-09-15 13:21:26
"12 жастан асқан оқушыларға вакцина салынады": Желіде таралған құжат қазақстандық ата-аналарды дүрліктірді

Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты білім бөлімі мамандарының балаларға екпе салуды жоспарлаймыз деп басы бәлеге қалды. Өңірде ата-аналардың чатында білім бөлімінің басшысы қол қойған құжат тарады. Мұнда 12 жастан асқан балаларға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу жұмыстары жоспарланғандығы жазылған. Осыған орай білім бөлімі балалардың аты-жөні, туған жылы туралы мәліметті жинауды бұйырыпты
291 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 14:34:30
Алматы облысында полиция із-түссіз жоғалған 17 жастағы қызды іздестіріп жатыр

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы Сизикова Ирина Александровна Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында тұрады.
25 тамыз күні сағат 8:30 шамасында қыз үйден шығып, сол күйі оралмаған.
"Қыз таксимен Алматы қаласына, Барахолка ауданына жеткені анықталды", – деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.
Белгілері: бойы 163 см., шымыр денелі, шашы бидай түсті, ұзын, көзі көк. Үстіне көк күртке, көк джинс шалбар, аяғына күміс түсті босоножка киген.
Полиция қызды көрген-білгендерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8 705 770 03 38; 8 705 333 10 33; 8 701 375 92 91 немесе 102.
505 views11:34
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 11:38:52
Қазақстандық әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді

Сүйінші жаңалықты әншінің өзі Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Оянып кетіп, төбеге қарап ойланып, өздігімнен күбірлеп, түсімді жори бастадым: Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген , оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда… МЕН ДЕ… ШЫН БА? – дедім де қуанғаннан көзімнен жасым мөлт еткіздім… Өмірге Ажар Жұмашқызы келді. Аллаға шүкір", – деп жазды Тамара Асар.
Бұған дейін Тамара Асар тұрмыс құрған азаматы туралы айтқан болатын.
3.4K views08:38
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 10:52:42
Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында жылқы бес жасар баланы теуіп жіберген. Қайғылы оқиға 27 тамыз күні болған.

Жарақаттың салдары өлімге алып келгенін мәлімдеді аймақтық полиция баспасөз қызметі.
"Жылқы тұяғымен баланың басынан тепкен, жарақаттың салдарынан бала жан тәсілім етті. Аталған факт ҚР ҚК 001-бабы бойынша Түпқараған аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді" , – деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.
Бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған ұқсас оқиға бірнеше жыл бұрын Қазақстанның батысында болған. Ол кезде ат тұяғынан ауыр соққы алған балаға күрделі ота жасауға тура келген – бес жасар бала басынан жабық жарақат алған, миы шайқалып, беті жыртылған және басқа да жарақаттар алған.
425 views07:52
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 10:52:02
Ashyq қосымшасындағы мәртебе енді жанып-өшіп тұратын болады. Бұл жүйе мекемелерге телефон экранынан ескі мәртебені "скрин" жасап кіргісі келетіндердің жолын бөгемек

"Ashyq қосымшасының жасап шығарушыларынан тағы бір жаңалық: телефон экранын "скриндап" алуға тосқауыл, мәртебе жанып-өшіп тұрады әрі айқын көрінетін болады", – деп "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
Ол Ashyq қосымшасындағы жаңа жүйе қалай жұмыс істейтінін көрсеткен бейнежазбаны да қоса салған.
382 views07:52
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 16:37:26
Бүгін таңертең Ақтөбе қаласының №2 орта мектебінің электрондық поштасына белгісіз тұлға қаланың алты мектебін бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберді.

Оқу орнының педагогтары, оқушылары мен техперсоналы салтанатты жиыннан эвакуацияланды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.
191 views13:37
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 16:36:55
26 тамызда Алматыда 22 жастағы бойжеткен тіс емханасында көз жұмды. Жақындарының сөзінше, ол жақында тұрмысқа шығуы керек болған.

қалыңдық
Оқиға жайлы Zhaloby Almaty парақшасында жарияланды.
Мария есімді бойжеткен той алдында ақыл тісін жұлғызбақ болған. Алайда емханада дәрігерлер оның төрт тісін алып тастаған. Осыған байланысты оған наркоз егілген.
Алты сағаттан кейін бойжеткеннің туыстарына оның көз жұмғаны туралы суық хабар келіпті. Емхана қызметкерлерінің айтуынша, Мария анафилактикалық шок алған. Дәрігерлер оның өмірі үшін екі сағат бойы күресіпті. Бұған қоса, емханаға жедел жәрдем шақыртылмапты, өйткені мұнда өздерінің реанимациялық бөлімі бар екен.
3.2K views13:36
Ашу / Түсініктеме
2021-09-05 07:00:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды.

"1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды.

Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
516 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-09-04 09:52:53
Ұлыбританияның Борнмут қаласындағы жағажайда жас жігіт 15 жастағы қызды ашық теңізде зорлап кеткен

Полиция мәліметінше, жігіт 15 жастағы қызды суға шомылып жүргендердің көзінше зорлаған. Күдікті жәбірленушімен кезіккен сәтте, қыз бала теңізде достарымен бірге доп ойнап жүрген. Жігіт оны судың тереңірек жеріне алып барып, зорлаған.
Зардап шеккен қыздың сөзінше, күдікті жасы 17-де екенін айтқан. Бұған қоса, ол Пәкістан тумасы болуы мүмкін.
Бүгінде күдіктіні іздеу шаралары жүргізілуде.

“Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша толық тергеу жүргізіліп жатыр және біз тергеу барысында жәбірленушіге қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Мен жексенбі күні жағажайда болған адамдардан көмек сұраймын. Бәлкім, біреулер оқиғаның куәгері болған да шығар. Егер жігітті танығандар бар болса, полицияға жүгінулеріңізді өтінемін”, – дейді қалалық полиция өкілі Уэйн Сеймур.
3.9K views06:52
Ашу / Түсініктеме
2021-09-04 09:51:59
Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұрғындарының саны 19 миллионға жеткенін мәлімдеді

“Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді.
Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!”, – деп жазды президент.
754 views06:51
Ашу / Түсініктеме