Get Mystery Box with random crypto!

Ashyq қосымшасындағы мәртебе енді жанып-өшіп тұратын болады. Б | Zamanayi Qazaqstan

Ashyq қосымшасындағы мәртебе енді жанып-өшіп тұратын болады. Бұл жүйе мекемелерге телефон экранынан ескі мәртебені "скрин" жасап кіргісі келетіндердің жолын бөгемек

"Ashyq қосымшасының жасап шығарушыларынан тағы бір жаңалық: телефон экранын "скриндап" алуға тосқауыл, мәртебе жанып-өшіп тұрады әрі айқын көрінетін болады", – деп "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
Ол Ashyq қосымшасындағы жаңа жүйе қалай жұмыс істейтінін көрсеткен бейнежазбаны да қоса салған.