Get Mystery Box with random crypto!

Алматы облысында полиция із-түссіз жоғалған 17 жастағы қызды і | Zamanayi Qazaqstan

Алматы облысында полиция із-түссіз жоғалған 17 жастағы қызды іздестіріп жатыр

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы Сизикова Ирина Александровна Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында тұрады.
25 тамыз күні сағат 8:30 шамасында қыз үйден шығып, сол күйі оралмаған.
"Қыз таксимен Алматы қаласына, Барахолка ауданына жеткені анықталды", – деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.
Белгілері: бойы 163 см., шымыр денелі, шашы бидай түсті, ұзын, көзі көк. Үстіне көк күртке, көк джинс шалбар, аяғына күміс түсті босоножка киген.
Полиция қызды көрген-білгендерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8 705 770 03 38; 8 705 333 10 33; 8 701 375 92 91 немесе 102.