Get Mystery Box with random crypto!

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында жылқы бес жасар баланы теуіп | Zamanayi Qazaqstan

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында жылқы бес жасар баланы теуіп жіберген. Қайғылы оқиға 27 тамыз күні болған.

Жарақаттың салдары өлімге алып келгенін мәлімдеді аймақтық полиция баспасөз қызметі.
"Жылқы тұяғымен баланың басынан тепкен, жарақаттың салдарынан бала жан тәсілім етті. Аталған факт ҚР ҚК 001-бабы бойынша Түпқараған аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді" , – деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.
Бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған ұқсас оқиға бірнеше жыл бұрын Қазақстанның батысында болған. Ол кезде ат тұяғынан ауыр соққы алған балаға күрделі ота жасауға тура келген – бес жасар бала басынан жабық жарақат алған, миы шайқалып, беті жыртылған және басқа да жарақаттар алған.