Get Mystery Box with random crypto!

26 тамызда Алматыда 22 жастағы бойжеткен тіс емханасында көз ж | Zamanayi Qazaqstan

26 тамызда Алматыда 22 жастағы бойжеткен тіс емханасында көз жұмды. Жақындарының сөзінше, ол жақында тұрмысқа шығуы керек болған.

қалыңдық
Оқиға жайлы Zhaloby Almaty парақшасында жарияланды.
Мария есімді бойжеткен той алдында ақыл тісін жұлғызбақ болған. Алайда емханада дәрігерлер оның төрт тісін алып тастаған. Осыған байланысты оған наркоз егілген.
Алты сағаттан кейін бойжеткеннің туыстарына оның көз жұмғаны туралы суық хабар келіпті. Емхана қызметкерлерінің айтуынша, Мария анафилактикалық шок алған. Дәрігерлер оның өмірі үшін екі сағат бойы күресіпті. Бұған қоса, емханаға жедел жәрдем шақыртылмапты, өйткені мұнда өздерінің реанимациялық бөлімі бар екен.