Get Mystery Box with random crypto!

Zamanayi Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan Z
Telegram арнасының логотипі zamankaz — Zamanayi Qazaqstan
Арна мекенжайы: @zamankaz
Санаттар: Ойын-сауықтар , Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 6.46K
Арнадан сипаттама

Заманауи Қазақстан 2020 | 🇰🇿
Қазақстанда болып жатқан күнделікті оқиғалар мен жаңалықтарды бірінші болып бізден оқыңыз🗣
По вопросам: @texas171717

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2021-06-08 14:22:45 Уже 80-ге жуық адам өз смайликтерін алып үлгерді.Сенде алып үлгер .(сенбесең дәлелдерде бар кіріп көр ).
54 views11:22
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 14:06:47
iOS смайликтеріне доступ ашылды, тек 100 адамға, алып үлгер (Тек қана android-қа )
113 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 13:52:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппті Жоғары сот кеңесінің басшысы етіп тағайындады.

"Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.Еске салайық, бұған дейін Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметін Талғат Донақов атқарған.


Жоғары сот кеңесі - Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме.
175 views10:52
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 16:19:27
Флорида штатының Джексонвилл қаласында жеті жасар бала батып бара жатқан қарындасы мен әкесін құтқару үшін жағалауға дейін бір жарым шақырымды бір сағатта жүзіп өтті.

28 мамыр күні жеті жасар Чейз Пуст, оның төрт жасар қарындасы Эбигейл және олардың әкесі балық аулауға барған. Қайық зәкірде тұрған кезде, Чейз бен Эбигейл жүзгісі келді.

"Ағын күшті болғаны соншалық, әдетте қайықтың артқы жағынан ұстап  тұратын қарындасым оны жіберіп алды", — деді Чейз.
Қызды ағын әкетіп жатқан. Әкесі Стивен Бос қызға көмектесуге асыққан. Ол суға секіріп, қызын ұстап алды. Эбигейл құтқару жилетін киген еді.

"Мен оларды жақсы көретінімді айттым, өйткені мен бұдан кейін не болатынын білмедім. Мен оны мүмкіндігінше ұстап тұруға тырыстым, бірақ күшім жетпеді", — деді Стивен Пуст.

Ағынның күшті болғанынан тіпті ер адамның өзі қайта қайыққа міне алмады. 
513 views13:19
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 21:44:00 ​​ Еліміздің кей өңірінде 7 градусқа дейін үсік жүреді.

Қазгидромет синоптиктері 5 маусымда Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында үсік жүреді деп болжайды.

"Скандинавия аймақтарынан келетін суық антициклон республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Түнде 2-7 градусқа дейін, кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градусқа дейін жылы болады", – деп хабарлады ауа райы қызметі.

Республиканың оңтүстігінде Түркіменстаннан келетін жылы ауа массаларына байланысты құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.

Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл болады, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында күндіз найзағай, бұрқасын, шаңды дауыл соғады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел, найзағай 15-20, секундына 23-28 метр.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
253 views18:44
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 17:34:39
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР

20.000 тг БОНУС алғың келе ма?

Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма

Батырманы басып тіркеліңіздер
https://t.me/joinchat/wCpa1eKvAudhYzA6
493 views14:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 14:04:49
Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева колонияға қайтарылды.

"2021 жылдың қаңтарында жәбірленуші тарап шағым беру мерзімін қалпына келтіре отырып, Алматы облыстық сотына жеке шағым (жазаны ауыстыруды алып тастау) түсірді.

Апелляция Жанар Толыбаеваға Іле аудандық сотының "жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы" қаулысының күшін жойды", - деді сот баспасөз қызметі өкілі.

Соңғы жаналықтар
737 views11:04
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 13:02:53
740 views10:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 11:44:36
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен сөйлесті.

Президент ДДСҰ басшысына қазақстандық QazVac вакцинасының клиникалық сынамаларының алдын ала нәтижелері туралы айтты. Отандық вакцинаның тиімділік деңгейі 96 пайыз.

Тедрос Адханом Гебрейесус Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемияға қарсы күрестегі еңбегіне жоғары баға берді.

«Бүгінге дейін 2 миллион адамға вакцина салынған екен. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Көптеген ел мұндай деңгейге жеткен жоқ. Халықтың 55 пайызына екпе саламыз деген мақсаттарыңыз қолдауға тұрарлық», - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Cонымен қатар ол QazVac екпесінің әзірлемесін қолдайтынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын дәрі-дәрмектердің тізіміне қосу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтты.
848 views08:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 15:16:53
Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасы қызметкерлері екі рет жүрегі тоқтап қалған  жүкті келіншектің өмірін құтқарып қалды

37 жастағы жүкті әйелі Ақсу қаласының ауылдық аймағы Еңбек ауылында тұрады. Бірнеше күн бойы жөтел, қақырық, әлсіздік, кеуде қуысының ауыруы, мерзімді тахикардия мазалаған соң ауыл тұрғыны халықтық емдеу әдістерімен емделген. Тек демікпе пайда болған кезде ғана ауруханаға жүгінген. Сол жерде  қан қысымының төмендегені және  сатурация көрсеткішінде қауіп бар екені  анықталған.

“Оны шұғыл түрде Павлодар қаласының №1 ауруханасының инфекциялық стационарына жеткізді. Қабылдау сәтінен бастап жеті минуттан кейін жүрек қызметі тоқтап қалды, бірақ дәрігерлер бес минуттан кейін жүрек ырғағын қалпына келтіре алды”, – дейді облыстық кардиологиялық орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Мұрат Райханов
Компьютерлік томография пневмония диагнозын растамады.
3.9K views12:16
Ашу / Түсініктеме