Get Mystery Box with random crypto!

Жемқорлық вакцинацияға да жетті ме? Вакцинация паспортын сат | Zamanayi Qazaqstan

Жемқорлық вакцинацияға да жетті ме?

Вакцинация паспортын сатып жүргендерге қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Ел арасында вакцинация паспорты сатылады деген ақпарат тарады. Бейресми дерекке сүйенсек, екпенің екі компонентін алды деген құжаттың құны - 15 мың теңге.

Ал құзырлы мекеменің мәліметінше, әзірге жалған паспорт сатып алғандар туралы нақты ақпарат жоқ. Сондықтан, мамандар медициналық ұйымдардың базасы мен ақпараттық жүйелерді салыстырып көрмек. Егер факті дәлелденсе, бұл іске қатысы барлар жауапқа тартылады.