Get Mystery Box with random crypto!

Қаржы министрлігі елордада жасөспірімді шенеуніктің баласы қағ | Zamanayi Qazaqstan

Қаржы министрлігі елордада жасөспірімді шенеуніктің баласы қағып кеткенін растады

Қаржы министрлігі елордада жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кеткен Toyota жүргізушісі мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің басқарма басшысының ұлы екенін растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізушінің әкесі жоғары лауазымды шенеунік емес екенін баса айтты. "Біз әкесін, оның лауазымын ешқалай байланыстырмаймыз. Бұл дұрыс емес. Ол комитет немесе министрліктің топ-менеджері емес, жоғары лауазымды шенеунік деу де қате. Ол мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау департаменті басқармасының басшысы қызметін атқарады. Басқа ұйымдармен салыстырар болсақ, ол бөлім бастығы сияқты", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов. Оның айтуынша, 21 жастағы жүргізушінің әкесі мемлекеттік қызметкер болғандықтан, оның есімі әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде тарап жатыр.