Get Mystery Box with random crypto!

Covid-19 вакцинасынан кейін алматылық қайтыс болды деген ақпар | Zamanayi Qazaqstan

Covid-19 вакцинасынан кейін алматылық қайтыс болды деген ақпарат тарады.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қырық екі жастағы Бақытжан Нұртазиннің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізуді тағайындады, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, ер адамның жағдайы үйде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Бұл күні Бақытжан Нұртазин Covid-19 вакцинасының екінші компонентін алған.

«21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен», – деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасы.