Get Mystery Box with random crypto!

Келесі бап: Жүрекпен және тілмен зікір етудің абзалдығы. Алла | ұстаз Ерсін Әміре

Келесі бап: Жүрекпен және тілмен зікір етудің абзалдығы.

Алланы зікір ету - жүрекпен және тілмен болады. Ең абзалы - жүрек пен тілдің бірдей зікір етуі.
Мысалы, бір адам тек жүрекпен зікір етеді. Бір адам тек тілмен (ойы басқа жақта) зікір етеді. Абзалы - жүрекпен және тілмен зікір ету.
Ал екеуінен біреуін таңдау керек болса, онда жүрекпен айтылған зікір - абзал.

Сондай ақ, " мені адамдар рия жасап жатыр деп ойлап қалмасын"- деп, тілмен зікір етуді тастап қоюға болмайды. Керісінше, тілімен де, жүрегімен де зікір етуі керек. Және мақсатын - Алла разылығы етуі керек. Адамдар үшін амалды тастау - рия, адамдар үшін амалды істеу - ширк, - деген Фудайль ибн Ғиядтың сөзін келтірген едік.

"Жұрт мені байқайды. Жұрт мен туралы рия жасап жатыр деп ойлап қалады", - деп амалдың бәрін тастай беретін болса, онда көптеген сауапты істердің есігі жабылып қалады. Және дінде маңызды болған көптеген амалдарды адам жоғалтып алады. Ал бұл - Алланы танығандардың жолы емес.

@yersin_azkar