Get Mystery Box with random crypto!

- дәріс: Алланы зікір етпек болған адам, өзін қандай халде ұст | ұстаз Ерсін Әміре

- дәріс: Алланы зікір етпек болған адам, өзін қандай халде ұстауы керек. (Жатып зікір етуге бола ма?!)

Имам Нәуәуи (рахимаһулла):

- Алланы зікір етпекші болған адам, сондай бір кемел сипатта болуы керек.
1. Құбылаға қарап отыру
2. Басын төмен түсіру
3. Салмақтықпен, кішіпейілдікпен отыру. Осы кітаптың шархында имам ибн Ъаллән (рахимаһулла) айтады:
- Біздің ғұламаларымыз айтқан, зікірде ең абзал отыру, ол - тәуәррук (бір жамбасты жерге қойып, сол аяқты оң аяқтың балтырына қойып отыру). Екіншісі - ифтираш (аяқты төсеп отыру, тәшәһһудте отырғандай). Жалпы, басқаша отырып та зікір етуге рұқсат етіледі. Үзірсіз жатып зікір етсе, абзалын тастаған болады. Бірақ мәкрүһ емес. Мәкрүһ еместігіне дәлел:
Алла Тағала Құран Кәрімде:
"Шын мәнінде, аспандар мен жердің жаратылуында, күн мен түннің ауысуында, ақыл иелері үшін белгілер бар. Енді олар (ақыл иелері), тұрған халдерінде, отырып, жатқан халдерінде Алланы зікір етушілер".
Демек, жатып зікір етуге болады.