Get Mystery Box with random crypto!

Тамақ жеу әдептері Біріншіден, тамақтың адал болуы. Адал жол | ұстаз Ерсін Әміре

Тамақ жеу әдептері

Біріншіден, тамақтың адал болуы. Адал жолмен тауып, жеуге рұқсат етілген ас болуы керек. Халал ас жеу - парыз әрі әдеп болып саналады.

Екіншіден, тамақтың алдын қол жуу.

Үшіншіден, тамақ жегенде әдеп сақтап отыру. Жатып, шалқайып жеуге болмайды.

Төртіншіден, тамақ жегенде жақсы ниетте болу. Осы тамақ арқылы күш-қуат жинап, Аллаға құлшылық жасайын деп ізгі ниет етсеңіз, тамақ ішкеніңіз сауапқа айналады.

Бесіншіден, тамақты тойып жемеу.

Алтыншыдан, бар тамақты қанағат тұту. Азық болар тамағыңыз болса, одан тәттісін, дәмдісін іздеуге тырыспаған дұрыс. Бар тамақты шүкір етіп жеу керек

Басқа да тамақ жеудің әдептері туралы дәрістен тыңдап, пайда алыңыз.

БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ