Get Mystery Box with random crypto!

Мұғалімдерге магистратураға қалай түсуге болады? Әріптестерің | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Мұғалімдерге магистратураға қалай түсуге болады?

Әріптестеріңізге жіберіңіз, біліп жүрсін!

Магистр дәрежесі бар педагогке 10 АЕК көлемінде қосымша ақы төленеді. 2022 жылы бұл 31 800 теңгені құрайды.

Магистратураға түсу үшін өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының жүйесі арқылы жүргізіледі - app.testcenter.kz.

Тестілеу мен құжаттарды жылына 2 рет тапсыруға болады:

Жазғы өтініштер 1 маусым - 15 шілде аралығында қабылданып, кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында жүргізіледі.

Қысқы өтініштер 1-18 қараша аралығында қабылданып, кешенді тестілеу 19 қараша - 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Кешенді тестілеудің форматы (2 жылдық магистратура) - 130 сұрақтан тұрады (150 балл):

Шет тілінен тест (ағылшын/неміс/француз) - 50 сұрақ.
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест - 30 сұрақ,
Білім беру бағдарламалары бойынша пәндік тест - 50 сұрақ.

Халықаралық тілдік сертификатыңыз болса, шет тілінен тест тапсырмайсыз.

Грантқа түсу үшін тестілеуден кемінде 75 балл алу керек (оның ішінде, шет тілінен 25 баллдан, оқуға дайындық, 1 және 2 пәндер бойынша 7 баллдан кем болмау керек).

Тестілеуге қатысу құны 14 693 теңге.

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk