Get Mystery Box with random crypto!

Педагог 3 миллион теңгені қалай жеңіп ала алады?   Ол үшін «Үз | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Педагог 3 миллион теңгені қалай жеңіп ала алады?
 
Ол үшін «Үздік педагог» конкурсына қатысу қажет. Бұл атақ білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын (үш кезеңде) конкурстық негізде беріледі.
 
Атақ бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді және құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі болуы керек.
 
Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі.
1-кезең – аудандық, қалалық. Жыл сайын сәуір айында өткізіледі.
2-кезең – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар. Жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады.
3-кезең – республикалық. Жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өткізіледі, онда конкурстың жеңімпаздары анықталады.
 
Үш кезеңнен сүрінбей өткен педагогқа «Үздік педагог» атағы, медаль және 3 180 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.
 
Конкурс ережесі - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V15H0010279
 
«Үздік педагог» атағын алған әріптестеріңіз бар ма?
 
Үздік арнаға жазыл t.me/ustazdarrkk