Get Mystery Box with random crypto!

ПЕДАГОГҚА ПАЙДАЛЫ ПОРТАЛДАР МЕН РЕСУРСТАР Жазғы каникул – тек | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

ПЕДАГОГҚА ПАЙДАЛЫ ПОРТАЛДАР МЕН РЕСУРСТАР

Жазғы каникул – тек демалып қана қоймай, әрбір ұстаз келесі оқу жылында мен қандай жаңалық енгізе аламын? Оқушыларыма қандай жаңа нәрсе үйрете аламын? деген сұрақтарға жауап іздеу уақыты.

Сол себепті Сіздерге, демалысты пайдалы өткізу үшін, әр педагогтың өзін-өзі дамытуына арналған курстар мен платформалар жиынтығын ұсынамыз.

Қазақ тілінде:

orleu-edu.kz – Қазақстан педагогтерінің кәсіби дамуы, ересектерді оқыту, қолданбалы зерттеулер және жетекші білім беру практикаларын тарату бойынша көшбасшы.

openu.kz – Қазақстанның жетекші университеттерінің көптеген тақырыптарға арналған курстары жинақталған.

Орыс тілінде:

rosuchebnik.ru – ресейлік вебинар, дидактикалық материалдар, оқулықтар жинақталған портал.

foxford.ru – онлайн-мектеп, мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау курстары жинақталған.

moi-universitet.ru – мұғалімдерге арналған ақылы және тегін курстар мен вебинарлар сайты.

lektorium.tv – онлайн-курстар және бейнедәрістер медиатекасы.

Ағылшын тілінде:

coursera.org – кез-келген жерде кез-келген адамға әлемдік деңгейдегі университеттер мен компаниялардың онлайн курстары мен дәрежелеріне қол жетімділікті ұсынатын ғаламдық онлайн оқыту платформасы.

edx.org – бүкіл әлемнің тыңдаушыларын тегін оқытуға бағытталған жоба. Оған информатика және бағдарламалау, бизнес және менеджмент, басқа пәндер бойынша онлайн курстар кіреді.

alison.com – 4000 мыңнан астам тегін курстар жинақталған платформа

futurelearn.com – әлемнің жетекші университеттері мен мәдениет институттарының курстары бойынша тегін оқытуды ұсынатын онлайн-платформа.

openlearning.com – бұл алдыңғы қатарлы онлайн оқыту платформасы. Оқытушыларға өз оқушыларын болашақ мамандықтарға дайындауға мүмкіндік беру ресурсы.

Әріптестеріңізге жіберіңіз!

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk