Get Mystery Box with random crypto!

Ауылдық мекендегі әріптестеріміздің назарына! Елді мекенде бі | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Ауылдық мекендегі әріптестеріміздің назарына!

Елді мекенде білім беру ұйымы жұмыс жасауы үшін қанша бала болуы қажет?

6 мамырда Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Ол бойынша, ауылдық елді мекенде:

1) мектепалды жасындағы балалар саны 5 және одан көп болғанда, бала-бақшаның;
2) кіші мектеп жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, мемлекеттік бастауыш білім беретін ұйымның;
3) кіші және орта мектеп жасындағы адамдардың саны 41 және одан көп болғанда, мемлекеттік негізгі орта білім беретін ұйымның;
4) кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы адамдардың саны 81 және одан көп болғанда, мемлекеттік жалпы орта білім беретін ұйымның жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.

Сонымен қатар, әрбір облыста:

1) мемлекеттік санаториялық мектеп-интернаттардың;
2) мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдарының;
3) девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мемлекеттік білім беру ұйымының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.

Онымен қоса, интернаттардың жұмыс жасауына қажетті нормативтер бекітілді.

Бұйрықпен толығырақ танысу - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027968
 
Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk