Get Mystery Box with random crypto!

Педагог-кәсіби бағдар беруші деген кім? Өткен жарияланымдарда | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Педагог-кәсіби бағдар беруші деген кім?

Өткен жарияланымдарда, біздің оқырмандарымыз осы тақырыпқа кеңірек тоқталуды сұрады. Сол себепті бүгін «Педагог-кәсіби бағдар беруші деген кім?» және ол не үшін жауап береді деген сұрақтарға жауап беретін боламыз.

Бала-бақша, мектеп, техникалық және кәсіптік, арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтардың лауазымдары «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» туралы бұйрығымен реттелетіні баршаңызға белгілі.

Осы бұйрыққа осы жылдың 31 наурызында өзгерістер енгізілді. Оның ішіндегі жаңашылдықтардың бірі 13-параграфта баяндалған кәсіби бағдар беруші педагогтың қосылуы болды.

Бұйрыққа сәйкес, кәсіби бағдар беруші педагог:

- мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

- оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;

- білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;

- қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;

- кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;

- кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;

- белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;

- балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Бұйрықпен толығырақ танысу - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk