Get Mystery Box with random crypto!

Мектептердің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпо | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Мектептердің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар нысанына өтуінде қандай артықшылықтары бар?

Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік мектептер мемлекеттік мекеме болып табылады және ол үшін қарастырылған стандарттарды - типтік штаттарды, оларды қатаң сақтауы керек.

Біртіндеп 2025 жылға дейін барлық мектептер шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылатын болады.

2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрыққа сәйкес орта білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастырудың екі критерийі бар, олар бір мезгілде сәйкес келуі тиіс:
1) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыратын;
2) оқушылар контингенті жобалық қуатына тең немесе одан асатын білім беру ұйымдары.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізгеннен кейін мектеп ішіндегі әкімшілік шығындарда ғана әкімшілік процестерді оңтайландыру есебінен орташа есеппен қаражаттың 10-15% үнемдей алады.

Жан басына қаржыландыруды есептеу кезінде ағымдағы шығындардан басқа мектептердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға да, оқу шығыстарына да қаржы қаражаты көзделуі мүмкін.

Кәсіпорын нысанындағы мектептерді қаржыландыру мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылатын болады.

Онымен қоса ақылы негізде білім берудің мемлекеттік стандарттарының талаптарынан тыс жұмыстар, қызметтер көрсетуге құқылы болады.

Мектептерді қайта ұйымдастыру орта білім алу, тәрбиелеу және оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын нысанына өту келесі мәселелерді іске асыруға мүмкіндік береді:

- мектеп директорларына мектепті дамыту жоспары негізінде мектептің нақты қажеттіліктері мен міндеттеріне қарай бюджетті бөлу.

- штаттық кестені анықтау, оны қажетті мамандармен оңтайландыру және толықтыру және жалақының тиісті деңгейін белгілеу, сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдер командасының тұрақты контингентін қалыптастыру, сапалы білім беру.

- пәндер бойынша ғылым негіздерін тереңдетіп оқыту үшін мамандарды тарту;

- білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және іске асыру бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

- жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымдарында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

- оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің және т. б. өнімдерін өндіруге және сатуға;

Кәсіпорын нысанына өткен жағдайда қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және оны арттыру ақылы қызметтерден алынған қаражат есебінен жүргізілуі мүмкін, бұл мемлекеттік мекеменің нысанында жасауға мүмкін емес.

Аталмыш процесс мемлекет қаржысын үнемдеуге, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk