Get Mystery Box with random crypto!

Ерлі-зайыптының мефедрон бизнесі Олар Астана қаласында инте | Тіл кеспек жоқ

Ерлі-зайыптының мефедрон бизнесі

Олар Астана қаласында интернет дүкен арқылы жұмыс істеген. Дүкен әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полицейлер назарына ілігіп, кейін бақылауға алынған.

Дүкен иесі синтетикалық есірткі салу кезінде ұсталған. Сол жерден автокөліктен сатуға дайындалған мефедрон салынған 60 түйір табылды. Конспирацияға арналған есірткі автокөлікте жатқан қаңылтыр сыра шөлмегіне жасырылған. 

Тағы пәтерде есірткі саудасымен айналысатын адам ұсталды, ол сайт әкімшісі ретінде есірткіні таратуға қатысқан. Тұрғылықты жерін тінту кезінде мефедронның тағы 157 мөлшері мен оны жасауға керек заттар табылған.

Ұстау нәтижесінде ерлі-зайыптылардан 3 келіден астам синтетикалық мефедрон препараты және 260 грамм каннабис шайыры тәркіленді. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұны ІІМ хабарлады.