Get Mystery Box with random crypto!

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік Қазақс | Тіл кеспек жоқ

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік Қазақстаннан шығарылды

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша заңнаманы бұзған шетел азаматтары анықталған. Полиция мәліметінше, ел аумағынан Өзбекстан Республикасының 22 азаматы шығарылды.

Сонымен қатар шетел азаматтарының жұмыс күшін заңсыз пайдаланған азаматтар анықталып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 519-бабымен (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) әкімшілік хаттама толтырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат