Get Mystery Box with random crypto!

Ковидтың кесірінен 4 бала тұл жетім атанды Алматы облысында 1 | Тіл кеспек жоқ

Ковидтың кесірінен 4 бала тұл жетім атанды

Алматы облысында 1990 және 1989 жылы туған ерлі-зайыпты Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына ауыр жағдайда келіп түскен. Екеуінде де коронавирустық пневмония асқынып, олар көз жұмды.

Үлкен баласы 9 жаста, ал кенжесі әлі нәресте.

«Әйел ауруханаға түскенде, жүкті болған. Оған кесар тілігі жасалып, нәрестені аман алып қалды. Кішкентай қыз дәрігерлердің бақылауында», – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Еске салсақ, Алматы облысы әлі «қызыл» аймақта.

@orda_kz