Get Mystery Box with random crypto!

Сарапшылар «Covid-тен өлімнің көбеюіне дельта штамм пен вакцин | Тіл кеспек жоқ

Сарапшылар «Covid-тен өлімнің көбеюіне дельта штамм пен вакциналаудың баяулығы әсер етті» дейді.

Азаттық сауалына жауап берген Санитар-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталық директорының орынбасары Манар Смағұл:

Коронавирустың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "алаңдаушылық тудырады" деп атаған түрлері адамнан адамға тез жұғатынымен ғана емес, науқастың оны ауыр өткеруімен де байланысты... Былтырғы және биылғы статистиканы салыстырсаңыз, тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жаңа мутациямен байланысты өлім-жітімнің көбейгенін байқайсыз.

Вирусолог Алмаз Шарман пікірінше, Қазақстанда коронавирустан көз жұматындардың артуына басты себеп – вакцина салу қарқынының баяулығы.

– Бірінші себеп – Қазақстан халқының 80 пайызы вакцина алған жоқ, бұл – вирустың көбейіп, дамуына, мутациялануына жағдай жасайтын ыңғайлы, тіпті идеалды орта. Мұндай ортаға дельта сияқты өте агрессивті, жұқпалы дельта вариант келсе, жағдай анағұрлым нашарлайды, – дейді Шарман.

@azattyq