Get Mystery Box with random crypto!

«Алтын орда» жабылды, бірақ базар да, оның иесі саналатын комп | Tenge Online

«Алтын орда» жабылды, бірақ базар да, оның иесі саналатын компаниялар да жабылған жоқ

Кеше «Алтын орда базары» ЖШС (ТОО "Рынок Алтын Орда") сот шешімімен жабылды, деген ақпарат шыққан соң ел шу ете қалды. Аталған базардың Болат Назарбаевқа қатысы бар деген сыбыс шыққалай талай болды. Көпшілік соңғы оқиғаларға байланысты базардан да айырылған екен, деп өсекті гулетіп берді.

Алайда салық органдары кеше бұған түсінік беріп, «Алтын орда» базарының жұмыс істеп тұрғанын, оған KURYLYS LTD және Altyn Orda Qaz Trade Ltd.компаниялары иелік ететіні, ал «Алтын орда базары» ЖШС бұрын иесі болғанын, соңғы 3 жыл бойы жұмыс істемегенін, соған байланысты сот шешімімен жабылғанын айтты.

Алайда бүгін өсек-аяң әлі басылмай тұр. Уатсап топтарда «Болат Назарбаев «Алтын ордадан» айырылыпты деген аңыздар тарап жатыр. Бірақ, ресми құжат базарға әлі де Болат Назарбаев ие екенін көрсетеді. https://pk.uchet.kz/c/bin/980340001269/ сайтында KURYLYS LTD компаниясының басшысы НАЗАРБАЕВ БОЛАТ АБИШЕВИЧ екені көрсетілген. 1 скрин.

Ал Altyn Orda Qaz Trade Ltd.компаниясының біріншісі басшысы ретінде АБДИГАПАРОВ ДАНИЯР АМАЛБЕКОВИЧ-тің аты аталады. https://statsnet.co/companies/kz/4868610 сайтында 17.07.2021 ж. дейін бұл компанияның құрылтайшысы НАЗАРБАЕВ БОЛАТ АБИШЕВИЧ болғаны көрсетілген. Аталған компанияның аты 01.10.2018 жылға дейін "BN ALTYN ORDA LTD (БН АЛТЫН ОРДА ЛТД)" деп аталған. (2 скрин)

Бұл құжаттарға сүйенсек, «Алтын орда» базары қазіргі кезде Болат Назарбаевтың меншігінде. Ал Кеше жабылған «Алтын орда базары» ЖШС бұл кісіге мүлдем қатысы жоқ, кезінде базардың экс-иелеріне қатысты , соңғы жылдары мүлдем жұмыс істемеген компания.
@TengeOnline