Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.84K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 46

2021-05-05 02:44:22 ЕШТЕҢЕГЕ ҚАЙҒЫРМА!

Осы біреуге өкпелеп, ішімізге кек сақтағаннан не таптық?
“Неге сүйте салмайды?”, “Неге түсінбейді?”, “Неге айтқыза береді?”, “Неге мені ойламайды?”, “Неге араласады?..”
Неге?
Неге?

Бітпейтін “негелер” өмірімізде қаптап кеткен жоқ па?

Қане, бір мән беріп қарашы.
Кімге өкпелеп жүрсің?
Неге ызалысың?

Өмірден әділетсіздік көрдің бе? Әлдекім ақыңды жеп, зұлымдық жасады ма?
Әй, тасташы бәрін!
Ешкім ештеңеге кінәлі емес. Сен күтіп жүрген нәрсені ойлап та көрмеген немесе ойласа да жасай алмаған СОЛ БІР АДАМ кінәлі емес. Естисің бе? Сен ойлағандай бола алмаған ол да, олардан соншалықты көп жақсылық күткен сен де кінәлі емессің.

Ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес. Тек...
Біз кеудесінде жұдырықтай ЖҮРЕГІ БАР, сезімі бар адам болған соң бір-бірімізге жақсылық жасаймыз, бірімізді біріміз іздеп, қолдап, жарылқап, демеп жүреміз. Оның бір қайтарымын күтпейміз.
Бір нәрсе анық: сол адалдығымыз, сол бір аппақ ниетіміз бір күні үлкен қуаныш болып алдымыздан шығады. Бір күні жемісін береді. Сондықтан ештеңеге қайғырма!

#talimtv #тәлімтв #қайғырма #реніш #кешірім #жақсылық #кешіру #өкпе #ыза #бақыттыңкілті
5.8K views“Talim TV” телеарнасы, 23:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 16:02:29
“Мамама алғысым шексіз!”

“Менің анам... Менің әкем...” бағдарламасынан үзінді.

#talimtv #тәлімтв #ата_ана #ана #отбасы #бақыт #тыныштық #құрмет #анағақұрмет #асылана #перзенттікпарыз #меніңанамменіңәкем
5.4K views“Talim TV” телеарнасы, 13:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 04:03:55
Шын ниетпен берілген сыйлыққа қуанбайтын адам жоқ шығар, сірә?! Ал біреуге қуаныш сыйлау – жүрегіңізді жұмсартып, іштегі махаббат пен сүйіспеншілікті оятатын ең жақсы іс емес пе?

Ендеше, бүгін бір адамды қуантайық!

#talimtv #тәлімтв #сыйлық #сый #махаббат #қуаныш #бақыт #бақыттыкүндер #қуанту
5.8K views“Talim TV” телеарнасы, 01:03
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 01:24:35
Қуаттың қуат беретін видеосы!

#talimtv #тәлімтв #reposttimes #қайырымдылық #қазақтыңжігіттері
6.4K views“Talim TV” телеарнасы, 22:24
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 12:26:28
6.8K views“Talim TV” телеарнасы, 09:26
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 03:42:16 Қане, киім тұратын шкафты бір ашып қарайықшы, киілмей тұрған қанша киіміміз бар? Расы керек, “әне кием, міне кием, керек болады” деп жүргенде кейбіреуі қысқарып, ал енді бірі тұра-тұра ескіріп кетіп жатады.

Одан да жуып, тазалап өзгелерге берсек, (бәлкім, біреудің аяқ киімі жоқ, біреудің жаңбырда киетін жейдесі жоқ дегендей) адамды бір мұқтаждығынан болса да құтқарар ма едік, кім білсін?!

+ Сосын мұқтаж адамға киім берудің де өз әдебі, жолы бар екен. Яғни
берген киіміміз киюге жарайтын, жуылған, таза, бүтін болуы керек екен. Ендеше, осыны да ескере жүрейік!

#talimtv #тәлімтв #киімдер #киім #қайырымдылық #жақсыіс #жақсылық
6.5K views“Talim TV” телеарнасы, 00:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 03:42:13
5.7K views“Talim TV” телеарнасы, 00:42
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 15:31:05
«Кредит» деген сөзің қарап тұрсақ,
«Кіреді ит» деген сөзден құралып тұр.
Атына заты сай боп осы бәле,
Кіріп алып итіңді шығарып тұр.
(айтыста айтылған шумақтар)

#talimtv #тәлімтв #кредит #қарыз #несие #talimspeakers #credit
5.8K views“Talim TV” телеарнасы, 12:31
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 07:27:25 ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАСИЕТ!

Мен:
- Өтірік айтуға ұяламын.
- Айтқан уәдемді орындамауға ұяламын.
- Орынсыз жерде артық сөз сөйлеуге ұяламын.
- Өз кітабымды және өзімді мақтауға ұяламын.
- Трамвай, троллейбуста қарттар түрегеп тұрғанда, жастардың орын бермей, шіреніп отырғандарын көргенде ұяламын.
- Кейбір қазақ жастарының асыл ана тілін ардақтамайтынына ұяламын.

Мен ұят дегенді ҰЛЫ КҮШ деп санаймын. Адамшылдықтың, адалдықтың, уәдеге беріктік пен тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін.

Ұры-қары, қарақшы, қаніпезерлер ұяты жоқтан шығады. ҰЯТ - ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАСИЕТ!
Ұяттыға иман ұялайды, ұятсызды қылмыс қуалайды.

Әзілхан Нұршайықов

#talimtv #тәлімтв #ұят #ұятсыздық #әдеп #иба #тәрбие #ұялу #намыс #ең_қымбат_қасиет
6.2K views“Talim TV” телеарнасы, 04:27
Ашу / Түсініктеме